adilettv

БҮГІН ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХХ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс ХХХ сессиясы өтті. Сессияға қала әкімінің міндетін атқарушы Кәрімов А.М., әкімдік мүшелері, басқарма басшылары, БАҚ өкілдері қатысты. Сессия тікелей онлайн трансляцияда көрсетілді.
Сессияны мәслихат төрағасы Бахадыр Мәдәліұлы ашып, күн тәртібіне енген төмендегі мәселелер қаралды. Атап айтқанда,
Кадрлық өзгерістерге байланысты Шымкент қаласы әкімдігінің дербес құрамы келісілді.
Шымкент қаласында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері 4%-дан 2%-ға төмендетілді.
2024 жылы салық режимі мөлшерлемесін 4%-дан 2%-ға төмендету нәтижесінде бюджетке түскен салық сомасы 24,3 млрд теңгені құрап, 2023 жылмен салыстырғанда 2,6 есеге артты (2023 жылы – 9 млрд теңге). 2025 жылдың 10 айында бюджетке 31 млрд теңге түсті.
Яғни, салық мөлшерлемесінің төмендеуі көлеңкелі бизнестің алдын алып, табыстарды ерікті түрде декларациялау мәдениетінің қалыптасуына және қала экономикасының өсуіне тікелей ықпал етті.
Бүгінгі таңда, оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін 94 мыңнан астам кәсіпкер қолданып жатқан болса, жаңа Салық кодексіндегі өзгерістерге сәйкес, бөлшек салық режимін қолданушылар, келесі жылы оңайлатылған декларация негізіндегі режимге біріктірілуіне байланысты, жалпы саны 100 мыңнан астам кәсіпкерлердің жеңілдікті қолдануға мүмкіндігі болады.
Өз кезегінде, бұл өзгерістер кәсіпкерлерді ынталандыруға үлкен мүмкіндік береді.
Шымкент қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау бойынша 19 көше мен 1 аллеяға атау берілді.
Сонымен қатар, Шымкент қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі белгіленді.
Сессия соңында қала әкімінің м.а. Айдын Мейрамбекұлы қабылданған маңызды шешімдерге тоқталып, қала тұрғындарының өмір сапасын жақсарту – ортақ міндет екенін атап өтті. Осы бағыттағы бірлескен жұмыстардың одан әрі жалғасатынын жеткізді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ 200-ДЕН АСА ОТБАСЫҒА ТҰРҒЫН ҮЙ КӨМЕГІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Ваучерлік жүйе: кәсіпкерлер мен жауапты органдар түйткілді мәселелерді талқылады

AdiletTV

Заң және тәртіп: ІІМ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын күшейтуде

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз