ШЫМКЕНТ: QR-КОД АРҚЫЛЫ ҰСЫНЫС БІЛДІРУ ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА
🔷 Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің бастамасымен қолға алынған «Шымкентті дамытуға халықтың үлесі» жобасы тұрғындардың пікірін ескеріп, қаланың дамуына қатысты ойы мен ұсынысын тікелей жеткізуге мүмкіндік береді.
🔷 Бұл туралы қала әкімінің Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтылды.
🔷 – Президентіміздің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатына сәйкес қоғам мен билік арасында ашық диалог орнату үшін тұрақты түрде азаматтарды жеке қабылдап, әр ауданда көшпелі кездесулер ұйымдастырып келеміз. Халықпен кездесу барысында қала болашағына бей-жай қарамайтын тұрғындардан көптеген ұсыныс түсіп жатады. Осы ретте қаланың дамуына тұрғындар белсене араласатын арнайы жобаны іске қостық. Жобаның аясында қоғамдық орындар мен автобустарда QR-кодтар орнатылған. Сол арқылы тұрғындар қаланы дамытуға қатысты өз идеялары мен ұсыныстарын оңай жолдай алады, – деді қала әкімі Ғабит Сыздықбеков баспасөз брифингінде.
🔷 Осылайша енді әр азамат қоғамдық орындар мен көліктерде QR-код арқылы өз идеяларын ұсына алады.
🔷 Жүйеге түскен барлық ұсыныс мұқият қаралып, ең өзекті әрі пайдалы бастамалар нақты жүзеге асырылады. Әр азаматқа Шымкенттің дамуына жеке үлес қосып, оң өзгерістердің бір бөлігі болуға мүмкіндік беретін бұл бастама – әкімдік пен халық арасындағы ашық диалогты нығайтуға және қаланы дамытуға күш жұмылдыруға бағытталған нақты қадам.
Бұл бастама — әкімдік пен халық арасындағы ашық диалогты нығайтуға және қаланы дамытуға күш жұмылдыруға бағытталған нақты қадам. Шымкенттің дамуына өз үлесіңізді қосып, ұсыныс білдіргіңіз келсе, QR-кодты сканерлеңіз. Алдағы уақытта үздік ұсыныс ескеріліп, жүзеге асырылады. Белсенді болыңыз!
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
