adilettv

ШЫМКЕНТ: ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІНЕ 30 ЖАҢА АВТОКӨЛІК ТАБЫСТАЛДЫ

Шымкентте жедел медициналық жәрдем автопаркі жаңартылды

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жұмыс сапары барысында қалалық жедел медициналық жәрдем қызметіне 30 жаңа санитарлық автокөліктің кілтін салтанатты түрде табыстады. Бұл бастама мегаполистегі шұғыл медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған.

Қала басшысы медицина ұйымдары мен шұғыл қызметтердің материалдық-техникалық базасын нығайту әкімдік жұмысының негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, жедел жәрдем автопаркін жүйелі түрде жаңарту – тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің жеделдігін арттырып, адам өмірін сақтап қалуда маңызды рөл атқарады.

Тапсырылған «Hyundai STARIA» маркалы жаңа санитарлық автокөліктер заманауи медициналық талаптарға толық сәйкес келеді. Автокөліктер кардиографтармен, дефибриллятор-мониторлармен, өкпені жасанды желдету аппараттарымен, электрлі сорғыштармен, оттегі баллондары және арнайы зембілдермен жабдықталған. Сонымен қатар, медицина қызметкерлері мен науқастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қорғаныш қалқандары орнатылған.

Сондай-ақ іс-шара барысында қала әкімі денсаулық сақтау ұйымдарына «Аль-Фараби фарм Лтд» ЖШС демеушілігімен сатып алынған медициналық жабдықтарға арналған сертификаттарды табыстады. Олардың қатарында жаңа туған нәрестелерге арналған заманауи инкубаторлар, функционалдық және реанимациялық төсектер бар. Бұл құрал-жабдықтар нәрестелерді күтіп-бағу сапасын арттыруға, сондай-ақ ауыр хәлдегі науқастарды тиімді емдеуге мүмкіндік береді.

Ғабит Сыздықбеков денсаулық сақтау саласын жаңғырту және Шымкент тұрғындарына медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бағытындағы жүйелі жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.

Айта кетейік, қазіргі таңда қалалық жедел медициналық жәрдем қызметі 10 қосалқы станция базасында жұмыс істейді. Тәулік бойы тұрғындарға 115 бригада шұғыл медициналық көмек көрсетеді. Оның ішінде 28 дәрігерлік және 87 фельдшерлік бригада бар.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Түркістан облысы: Ордабасы аудандық ауруханасы-Конго- Қырым қанды қызбасы (КҚҚҚ)- адамның өткір вирустық ауруы туралы түсіндірді.

AdiletTV

ШЫМКЕНТТЕ SMART CITY ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ МЕН ӘУЕЖАЙ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ДАМУДА

AdiletTV

ШЫМКЕНТТЕ ТОҚЫЛМАҒАН МАТЕРИАЛДАР ФАБРИКАСЫ МЕН МЕТАЛЛ ЕСІКТЕР ЗАУЫТЫ АШЫЛДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз