0.3 C
Shymkent
15 декабря, 2025
adilettv

ҚАРАТАУ: АУДАНДА ЖАҢА ГҮЛЗАР АШЫЛДЫ

Шымкент қаласының Қаратау ауданында аумақты абаттандыру және көгалдандыру бағытындағы жүйелі жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасуда. Аудан тұрғындары үшін қолайлы әрі көрікті орта қалыптастыру мақсатында атқарылып жатқан шаралардың нәтижесінде таяуда аудан әкімдігі ғимаратының жанынан жаңа «Қаратау» гүлзары пайдалануға берілді. Жаңа гүлзар аудан орталығын көркейтіп қана қоймай, тұрғындардың серуендеуі мен тынығуына арналған заманауи қоғамдық кеңістікке айналды.

Аталған гүлзар демеушілердің қолдауымен салынды. Жоба аясында аумақты көгалдандыру, жаяу жүргіншілер жолдарын салу, жарықтандыру жүйесін орнату және шағын сәулеттік нысандарды орналастыру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде жасыл аймақтың көлемі ұлғайып, ауданның сәулеттік келбеті жаңарып, тұрғындар үшін жайлы әрі қауіпсіз демалыс орны қалыптасты. Бұл бастама қала аумағында экологиялық ахуалды жақсартуға және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Айта кету керек, 2025 жылы Қаратау ауданында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары аясында барлығы 14 жаңа гүлзар салынды. Атап айтқанда, Шапағат, Мирас, Алтын орда, Тұран, Қайтпас-1, Нұртас, Таскен, Нұрсәт шағынаудандарында, сондай-ақ Сайрам, Шапырашты, Өтеміс тұрғын алаптарында жаңа демалыс орындары тұрғындардың игілігіне берілді. Бұл гүлзарлар әрбір елді мекеннің ерекшелігін ескере отырып жобаланып, заманауи талаптарға сай жабдықталған.

Жаңа гүлзарлар тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне, балалар мен ересектердің серуендеуіне, отбасылық демалысты ұйымдастыруға қолайлы жағдай жасап отыр. Сонымен қатар, қоғамдық кеңістіктердің көбеюі ауданның жалпы инфрақұрылымын дамытуға, экологиялық тепе-теңдікті сақтауға және жасыл желек үлесін арттыруға оң әсерін тигізуде.

Алдағы уақытта да Қаратау ауданында қоғамдық кеңістіктерді кеңейту, жаңа гүлзарлар мен саябақтар салу, көгалдандыру көлемін арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасын табады. Бұл бастамалар аудан тұрғындары үшін жайлы, қауіпсіз және көрікті орта қалыптастыруға, сондай-ақ Қаратау ауданының тұрақты дамуына серпін бермек.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ: 2025 ЖЫЛДЫҢ 8 АЙЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

AdiletTV

ШЫМКЕНТ: БИЫЛ ҚАЛАҒА 200 МЫҢ ТҮП АҒАШ КӨШЕТТЕРІ ЕГІЛЕДІ

Қазақстанда бірінші сыныпқа қабылдау емтихандарына тыйым салынады

Пікір қалдырыңыз