adilettv

ҚАЙНАРБҰЛАҚ ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкент қаласының Қайнарбұлақ тұрғын алабында инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту және халықты сапалы коммуналдық қызметпен қамтамасыз ету мақсатында электр желісінің құрылысы қарқынды түрде жүргізілуде. Қазіргі таңда аталған аумақта электрмен жабдықтау жобасының екінші кезеңі іске асырылуда. Жоба толық аяқталған жағдайда шамамен 4 мыңға жуық абонент тұрақты әрі сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етіліп, тұрғын алапта заманауи электр инфрақұрылымы қалыптастырылады.

Аталған жоба Шымкент қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының тапсырысы негізінде жүзеге асырылып отыр. Құрылыс-монтаж жұмыстары «Отау Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне сеніп тапсырылған. Жоба аясында жалпы ұзындығы 90 шақырымға жуық электр желісі тартылып, қуаттылығы жоғары 26 дана трансформатор орнату жоспарланған. Бұл өз кезегінде электр энергиясының үздіксіз берілуін қамтамасыз етіп, желілердегі жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың наурыз айында басталған. Жоспарға сәйкес, нысанды пайдалануға беру 2026 жылдың күзіне белгіленіп отыр. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстарының шамамен 30 пайызы орындалып, жоба белгіленген кестеге сай жүзеге асырылуда.

Аталған электр желісінің құрылысы Қайнарбұлақ тұрғын алабы тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға, жаңа тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды тұрақты электр қуатымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жоба Шымкент қаласының инженерлік инфрақұрылымын жүйелі дамытуға, қаланың әлеуметтік-экономикалық өсіміне және инвестициялық тартымдылығын арттыруға оң ықпалын тигізеді.

Алдағы уақытта да қала аумағында халықтың қажеттіліктеріне сай инфрақұрылымдық жобаларды кезең-кезеңімен жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҰРҒЫНДАР РЕФЕРЕНДУМҒА ҰЛТТЫҚ КИІММЕН КЕЛДІ

AdiletTV

ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ТЕАТРЫ САХНАСЫНДА «АНТИГОНА» ТРАГЕДИЯСЫНЫҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТТІ

AdiletTV

АСТАНАДА АУЫЛ ӘКІМДЕРІНІҢ ДИАЛОГ-ПЛАТФОРМАСЫ ӨТУДЕ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз