adilettv

ҚАЛАДА ҮШ АУЫСЫМДЫ МЕКТЕП МӘСЕЛЕСІ ТОЛЫҚ ШЕШІЛГЕН

Шымкент қаласында білім беру саласы қарқынды әрі жүйелі түрде дамып келеді. Соңғы жылдары атқарылған кешенді жұмыстардың нәтижесінде қалада көп жылдан бері өзекті болып келген үш ауысымды мектеп мәселесі толық шешімін тапты. Қазіргі таңда барлық білім беру ұйымдарында оқушылардың бір немесе екі ауысымда білім алуына мүмкіндік жасалып, сапалы әрі қолжетімді білім беруге қажетті жағдайлар қамтамасыз етілді. Бұл өз кезегінде оқу үдерісінің тиімділігін арттырып, оқушылардың білім сапасын жақсартуға оң әсерін тигізуде.

Қалада мектеп инфрақұрылымын дамыту, жаңа білім беру нысандарын салу және қолданыстағы мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жоспарланған 17 300 орындық 12 жаңа мектептің құрылысы толық аяқталып, пайдалануға берілді. Бұл мектептер заманауи талаптарға сай жабдықталып, оқушылардың қауіпсіз әрі жайлы ортада білім алуына барлық жағдай жасалған.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы бюджет қаражаты есебінен 4 145 орындық 8 мектептің құрылысы жүргізіліп, оның ішінде 2 мектеп пайдалануға берілді. Қалған нысандардың құрылысы белгіленген кестеге сәйкес жалғасуда. Бұдан бөлек, жергілікті бюджет есебінен 10 мектеп пен 1 балабақшаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, білім беру мекемелерінің жағдайы едәуір жақсарды.

Сонымен бірге, Мемлекет басшысының шешіміне сәйкес қаладағы Президент резиденциясын балаларға арналған сауықтыру лагеріне айналдыру жұмыстары қолға алынды. Бұл бастама балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыруға, олардың денсаулығын нығайтуға және бос уақытын мазмұнды өткізуіне бағытталған.

Жалпы алғанда, Шымкент қаласында білім беру саласын дамытуға бағытталған бұл шаралар болашақ ұрпақтың сапалы білім алуына, олардың жан-жақты дамуына және қаладағы әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға берік негіз қалайды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТОО Balabi Textile – новый этап в развитии чулочно-носочного производства в Шымкенте

AdiletTV

ШЫМКЕНТ: «БІР АУЫЛ – БІР ӨНІМ» ЖОБАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

AdiletTV

Мемлекеттік гранттар арқылы кәсіпкерлікті қолдау – Шымкент экономикасының дамуындағы жаңа серпін

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз