adilettv

СОҢҒЫ ҮШ ЖЫЛДА 295 ЖАҢА БАЗАЛЫҚ СТАНЦИЯ ОРНАТЫЛЫП, 398 СТАНЦИЯ ЖАҢҒЫРТЫЛДЫ

Соңғы жылдары Шымкент қаласында цифрлық инфрақұрылымды дамыту және жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын түрлі салаларға кеңінен енгізу бағытында жүйелі әрі ауқымды жұмыстар атқарылуда. Қаланың тұрақты дамуын қамтамасыз ету, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру және заманауи технологияларды тиімді пайдалану негізгі басымдықтардың біріне айналды.

Ең алдымен, байланыс сапасын жақсарту және интернет қолжетімділігін арттыру мақсатында соңғы үш жылда қала аумағында 295 жаңа базалық станция орнатылып, қосымша 398 базалық станция жаңғыртудан өткізілді. Бұл шаралар мобильді интернет жылдамдығын арттырып, байланыс сапасын жақсартуға, сондай-ақ цифрлық сервистерді кеңінен қолдануға мүмкіндік берді. Аталған жұмыстар «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп жүзеге асырылып, қалада цифрлық экожүйені қалыптастыруға берік негіз қалады.

Жасанды интеллектіні енгізу әсіресе денсаулық сақтау саласында айтарлықтай нәтижелер беруде. Медициналық қызметтің сапасын арттыру мақсатында «Cerebra AI» жобасы іске қосылып, ол инсульт ауруын ерте кезеңде және жоғары дәлдікпен анықтауға мүмкіндік беріп отыр. Бұл өз кезегінде науқастардың өмірін сақтап қалуға және оңалту үдерісін жылдамдатуға ықпал етеді. Сонымен қатар, дәрігерлердің жұмысын жеңілдету үшін «PULS AI» интеллектуалды ассистент жүйесі енгізілді. Аталған жүйе науқастарға нақты диагноз қоюға, тиімді емдеу тәсілдерін таңдауға және медициналық қателіктерді азайтуға көмектеседі. Бұдан бөлек, медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Смарт-бейнежетон» пилоттық жобасы іске қосылып, төтенше жағдайларда жедел әрекет ету мүмкіндігі арттырылды.

Білім беру саласында да цифрлық жаңашылдықтарға ерекше көңіл бөлінуде. Оқушылардың техникалық ойлау қабілетін дамыту және болашақ мамандарды даярлау мақсатында «RoboPark.kz» қосымша білім беру орталығы ашылды. Бұл орталықта балалар робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар негіздерін меңгеруде. Сонымен қатар, дрон технологиялары жер иемдену, заңсыз құрылыс және рұқсатсыз қоқыс алаңдарын анықтауда тиімді қолданылып, төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет етуге мүмкіндік беріп отыр.

Көлік және жол инфрақұрылымын дамыту бағытында да цифрлық шешімдер енгізілді. Қаладағы көлік қозғалысын оңтайландыру және кептелістерді азайту мақсатында 331 жол қиылысындағы бағдаршам заманауи интеллектуалды басқару жүйесіне қосылды. Бұл жүйе көлік ағынын автоматты түрде талдап, жол қозғалысын тиімді реттеуге мүмкіндік береді. Ал қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қала аумағында 4 425 бейнебақылау камерасы орнатылып, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жедел әрекет ету деңгейі айтарлықтай артты.

Жалпы алғанда, Шымкент қаласында жүргізіліп жатқан цифрлық трансформация мен жасанды интеллектіні енгізу жұмыстары қаланың «ақылды қала» моделіне көшуіне жол ашып, тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

2025 жылғы тамыздағы ҰҚК СЖҚҚ іс-қимыл нәтижелері туралы

AdiletTV

Jastar Fest Шымкентте: Жастар күні белсенді шымкенттіктерге арналған жаңа гранттар мен байқауларға жол ашты

AdiletTV

Бәйгеден Қазақстан чемпионаты: Ең мықтылардың жарысы Шымкентте басталады!

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз