adilettv

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МЕН ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖҮЙЕЛІ ШЕШІЛУДЕ

Шымкент қаласында жастарды экономикалық белсенділікке тарту және тұрғындардың баспанамен қамтамасыз етілуі бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. «Еңбек нарығы» ақпараттық жүйесінің мәліметіне сәйкес, 2025 жылдың басынан бері қалада 13 071 жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. Олардың ішінде 6 360 жас тұрақты бос жұмыс орындарына орналасса, 3 533 жас субсидияланатын жұмыс орындары арқылы уақытша жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар, әлеуметтік жұмыс орындары, «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны» және «Ұрпақтар келісім шарты» бағдарламалары бойынша да жастар еңбек нарығына тартылды.
Кәсіпкерлікке баулу бағытында да маңызды шаралар атқарылды: «Бастау Бизнес» жобасы аясында 1 223 жас кәсіпкерлік негіздеріне оқуға тіркеліп, 175 жасқа мемлекеттік грант берілді. Бұдан бөлек, жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес 244 жас оқу ұйымдарында білім алып, 70 жас тікелей жұмыс берушінің жұмыс орнында оқуға жолданды. Сондай-ақ, 1 422 жас онлайн платформалар арқылы дағдыларын жетілдірді, мүгедектігі бар 1 жас арнайы жұмыс орнына орналастырылып, 43 жасқа кәсіптік біліктілікті тануға арналған ваучер берілді. Осы шаралардың нәтижесінде 15–34 жас аралығындағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2,9 пайызды құрады.
Сонымен қатар, Шымкент қаласында Көксай ауданын жаңарту тұжырымдамасы кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Тәуелсіздік күні мерекесіне орай қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Транспорт көшесі, 5 және Нұрлыбаев көшесі, 2 мекенжайларында тұрған 20 отбасыға жаңа пәтерлердің кілтін табыстады. Тұжырымдаманы іске асыру басталғалы бері ауданнан 103 отбасы көшіріліп, олар Шымкент-сити және Тұран шағынаудандарындағы абаттандырылған үйлерге орналастырылды. Жаңа пәтерлер таза әрлеумен беріліп, бөлме саны бұрынғы үйлерге сәйкес келеді және қоныстануға толық дайын.
Қалалық әкімдік мәліметінше, Көксай ауданының жаңарту тұжырымдамасы аясында тұрғындарды көшіру және оларды жайлы баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары алдағы уақытта да кезең-кезеңімен жалғасатын болады. Осылайша, Шымкент қаласы бір уақытта экономикалық даму мен әлеуметтік мәселелерді жүйелі шешуге бағытталған саясатты жүзеге асыруда.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

В Южно-Казахстанском высшем медицинском колледже прошла встреча по проекту «Казахстан без насилия»

AdiletTV

«Shymkent Smelting»: 3 млрд теңгелік инвестициямен іске асқан қара қорғасынды қайта өңдеу жобасы

AdiletTV

АБАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК -ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНДА ТҰРАҚТЫ ӨСУ БАР

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз