adilettv

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫНДА ЖАҢА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ІСКЕ ҚОСУ ЖӘНЕ АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ БАСТЫ НАЗАРДА

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫНДА ЖАҢА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ІСКЕ ҚОСУ ЖӘНЕ АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ БАСТЫ НАЗАРДА.Жыл басынан бері ауыл шаруашылығы саласына 12 жоба аясында 43,4 млрд теңге инвестиция тартылып, 170 жаңа жұмыс орны ашылды. Аталған жобалар қатарында көкөніс қоймасы, құс фабрикасы, 6 сүт өңдеу кәсіпорны, сүт фермасы, жеміс-көкөніс өңдеуді кеңейту жобалары және «Alsera KZ» компаниясының 40 гектарлық жылыжай кешені бар. Қазіргі таңда бұл кешеннің құрылысы толық аяқталып, алғашқы өнім жиналуда.
Сонымен қатар, Польшаның «Fabe-Agro» компаниясының құны 137 млн АҚШ долларын құрайтын жаңа жылыжай кешенінің құрылысы басталды. Жоба Мәртөбе тұрғын алабында жүзеге асырылуда, жалпы аумағы 144 гектарды құрайды. Инфрақұрылымдық желілерді тарту жұмыстары жүргізілуде. Жоба толық іске қосылған кезде жылына 36 мың тоннаға дейін көкөніс өнімін өндіру және 1 000-ға жуық жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 атауы бойынша баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Тұрақтандыру қорының айналым механизмі аясында ірі сауда желілерімен және өндірушілермен келісімшарттар жасалып, 90-ға жуық сауда нүктесінде негізгі тауарлар белгіленген бағамен сатылуда. Халық тығыз орналасқан аумақтарда «Бақша» атауымен 15 әлеуметтік павильон іске қосылды. Қала аумағында апта сайын 6 орында тұрақты азық-түлік жәрмеңкелері ұйымдастырылып, жыл басынан бері 340 жәрмеңке өткізілді.
Бағаны бақылау шеңберінде 51 комиссия отырысы өткізіліп, 2 000-нан астам кәсіпкердің қызметі талданды. Сауда үстемесін 15 пайыздан асырған 226 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бағаны негізсіз өсірмеу жөнінде 100-ден астам меморандумға қол қойылды. Қала аумағында азық-түлік тапшылығы жоқ, баға тұрақты бақылауда.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ОРДАБАСЫ: ТЕМІРЛАНДА АҚЫЛ-ОЙ БӘСЕКЕСІ – ШАХМАТ БАЙҚАУЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

AdiletTV

ЕРТЕҢ БІРЫҢҒАЙ УАҚЫТ БЕЛДЕУІНЕ АУЫСАМЫЗ! НЕНІ БІЛУ КЕРЕК?

208 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АРНАЙЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫ АЛАДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз