adilettv

ШЫМКЕНТТЕ 22 КӨП ҚАБАТТЫ ҮЙДІҢ ЖЕДЕЛСАТЫСЫ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

Шымкент қаласында көп қабатты тұрғын үйлердің инженерлік инфрақұрылымын жаңарту және тұрғындардың қауіпсіз әрі қолайлы өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Осы бағытта Шымкент қаласының құрылыс басқармасына қарасты «Тұрғын үй Шымкент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан қала аумағындағы көп қабатты 22 тұрғын үйдің жеделсатыларын ауыстыру жұмыстары қолға алынды.

Атап айтқанда, жеделсатыларды жаңарту жұмыстары Әл-Фараби ауданындағы 1 тұрғын үйде, Тұран ауданындағы 1 тұрғын үйде, сондай-ақ Қаратау ауданында орналасқан көп қабатты үйлерде жүргізілуде. Жалпы алғанда, Қаратау ауданында 25 жеделсаты жаңартылып, тұрғын үйлер заманауи, қауіпсіз және энергия үнемдеуші құрылғылармен жабдықталады. Жаңа жеделсатылар қазіргі техникалық талаптарға толық сәйкес келіп, тұрғындардың күнделікті тұрмысына қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Аталған жұмыстарды 2026 жылдың ақпан–наурыз айларында толық аяқтау жоспарланып отыр. Жоба аясында ескі жеделсатылар кезең-кезеңімен алынып, олардың орнына жаңа, сенімді әрі ұзақ мерзімге пайдалануға арналған жеделсатылар орнатылады. Бұл тұрғын үйлердегі апаттық жағдайлардың алдын алып, лифт қызметінің сапасын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

Айта кету қажет, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, көп қабатты тұрғын үйлердің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу, оның ішінде жеделсатыны ауыстыруға қатысты шешімдер меншік иелерінің жалпы жиналысында қабылданады. Аталған жиналысқа пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысуы тиіс, ал шешім қабылдау үшін меншік иелерінің кемінде үштен екісінің келісімі қажет.

Жалпы алғанда, атқарылып жатқан жұмыстар тұрғын үйлердің техникалық жағдайын жақсартуға, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қаладағы тұрғын үй қорын кезең-кезеңімен жаңартуға бағытталған. Бұл өз кезегінде Шымкент қаласының инфрақұрылымын дамытуға және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға оң әсерін тигізеді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкент қаласы: ОНЛАЙН САУДАДАҒЫ АЛДЫН АЛА ТӨЛЕМДЕР: АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСІП ҚАЛМАҢЫЗ

AdiletTV

Шымкентте «ішімдіксіз мекен» пайда болды

AdiletTV

ГОРОД ШЫМКЕНТ: 300 РАЗ В ДЕНЬ НА ВСЕХ LED ЭКРАНАХ ГОРОДА «СТОП, ИНТЕРНЕТ-МОШЕННИЧЕСТВО!»НА ТЕМУ: ВИДЕОРОЛИКИ.

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз