adilettv

ШЫМКЕНТ: ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРШАНЫҢ ШАМЫ ЖАҒЫЛДЫ

ШЫМКЕНТ: ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРШАНЫҢ ШАМЫ ЖАҒЫЛДЫ.Шымкент қаласының басты жаңа жылдық шыршасының шамдарын жағу рәсімі салтанатты түрде өтті. Алғаш рет осындай форматта ұйымдастырылған және Астана алаңында мыңдаған қала тұрғыны мен қонақтарын жиналған мерекелік іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.
Бұл символдық шара жыл сайын мегаполис тұрғындары мен қонақтарының басын қосып, қуанышқа, жылулыққа және Жаңа жыл қарсаңындағы ерекше көңіл-күйге бөлейді. Айта кетейік, жаңа жылдық шыршалар бір мезгілде қаланың бес ауданында жағылды: Еңбекші ауданында – Алатау саябағында, Әл-Фараби ауданында – Арбатта, Тұран ауданында – Достық үйі аумағында, Абай ауданында – Наурыз алаңында және Қаратау ауданында Астана алаңында өтті.
Бұл кеште Астана алаңы шынайы мерекелік кеңістікке айналып, қала тұрғындарының жиналатын басты орталыққа айналды. Керемет иллюминация, үйлестірілген тақырыптық безендіру мен мазмұнды ойын-сауық бағдарламасы алаңды ертегі атмосферасына бөледі. Кішкентай қонақтарға аттракциондар дайындалып, аумақтағы 80-нен астам шырша безендірілді, осылайша қысқы мерекенің әсері айқын сезілді.
Негізгі салтанат басталардан бір сағат бұрын мәнерлеп сырғанаудан көрсетілімдер өтті. Мұз айдынында халықаралық және республикалық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері өз шеберліктерін көрсетті. Бағдарламада қысқа және еркін бағдарламалар, сондай-ақ, мұздағы топтық би қойылымдары ұсынылып, мерекелік кешті бастап берді.
Кештің шарықтау шегі жергілікті және танымал отандық өнерпаздардың қатысуымен өткен концерттік бағдарламаға ұласты.
Сонымен қатар, қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, Шымкентте алғаш рет ашық аспан астындағы мұз айдындары ашылғанын атап өткен жөн. Қысқы демалыс аймақтарын құруға бағытталған бұл бастама қала тұрғындарының белсенді қысқы демалыспен айналысуына және таза ауада уақыт өткізуіне мүмкіндік берді. Алдағы күндері қала тұрғындары мен қонақтарының бос уақытын ұйымдастыруға және мерекелік көңіл-күй қалыптастыруға бағытталған түрлі мәдени және ойын-сауық іс-шаралары өтеді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚЫТАЙЛЫҚ КОМПАНИЯЛАР ҚАЗАҚСТАНҒА ИНВЕСТИЦИЯ САЛУҒА ДАЙЫН

«МЕМЛКЕТТІК ТІЛ-ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ СИМВОЛЫ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ ӨТТІ

AdiletTV

Өндіріс пен өңдеудегі серпін: Шымкенттегі жаңа индустриялық жобалар (2025–2029)

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз