adilettv

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ӨНДІРІС ПЕН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІНІҢ ӨСУІ БАЙҚАЛУДА

Қазіргі таңда қала аумағында ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамып, өндіріс көлемі мен инвестициялық белсенділік жылдан жылға артып келеді. Биылғы жылы қала көлемінде жалпы аумағы 23 мың гектар жерге әртүрлі ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, маусым қорытындысы бойынша 82 мың тоннадан астам өнім жиналды. Бұл көрсеткіштер агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты даму бағытында екенін және жергілікті шаруашылықтардың өндірістік әлеуеті жоғары екенін айқын көрсетеді.

Ауыл шаруашылығы саласын дамыту мақсатында мемлекеттік қолдау шаралары мен жеке инвестицияларды тарту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Жыл басынан бері бұл салаға жалпы құны 43,4 млрд теңгені құрайтын 12 ірі инвестициялық жоба іске асырылды. Аталған жобалар аясында өндірістік инфрақұрылым жаңартылып, заманауи технологиялар енгізілуде. Нәтижесінде 170 жаңа жұмыс орны құрылып, жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік туды.

Сонымен қатар, халықаралық әріптестік аясында шетелдік инвесторлармен бірлескен жобалар да жүзеге асырылуда. Соның бірі — Польшаның «Fabe-Agro» компаниясы қолға алған ірі агроөнеркәсіптік жоба. Құны 137 миллион АҚШ долларын құрайтын заманауи жылыжай кешенінің құрылысы Мәртөбе тұрғын алабында басталды. Бұл кешен жаңа технологиялармен жабдықталып, жыл бойы экологиялық таза әрі сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге бағытталған. Жобаның іске асуы өңірдің аграрлық әлеуетін арттырып қана қоймай, ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз етуге және импортқа тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді.

Айта кету қажет, Үкімет тарапынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 атаудан тұратын тізбесі бекітілген. Бұл өнімдерге бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында тұрақты түрде мемлекеттік бақылау жүргізілуде. Қазіргі таңда қала аумағында азық-түлік тауарларының тапшылығы байқалмайды, баға деңгейі тұрақты сақталып отыр.

Жалпы алғанда, атқарылып жатқан кешенді шаралар ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға, инвестициялық тартымдылықты арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және тұрғындарды қолжетімді, сапалы әрі қауіпсіз азық-түлікпен қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл өз кезегінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізіп, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етеді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ XXIV СЕССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

AdiletTV

В Шымкенте прошел челлендж «Молодежь против наркотиков».

AdiletTV

Шымкент қаласы: Сыбайлас жемқорлық пен интернет алаяқтықтың алдын алу мәселелері қаралды

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз