adilettv

ТҰРАН АУДАНЫНДА ТЫНДЫРЫМДЫ ІСТЕР КӨП

Тұран ауданында тұрғындардың қауіпсіз және ыңғайлы жүріп-тұруын қамтамасыз ету мақсатында ауқымды жол жөндеу және аяқжол салу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрғындардың күнделікті өмір сапасын жақсартуға, инфрақұрылымды дамытуға және ауданның көркеюіне айтарлықтай үлес қосып отыр.

Атап айтқанда, 2024 жылы Тұран ауданында 39 көшеге жаңа аяқжолдар салынды. Бұл жұмыстар тұрғындардың мектепке, жұмысқа және әлеуметтік нысандарға қауіпсіз түрде жетуіне мүмкіндік берді. Биылғы жылы аудан әкімдігі мен құрылыс ұйымдары аяқжол салу бағытындағы жұмыстарды одан әрі жалғастырып, аудан аумағында жалпы ұзындығы 62,3 шақырымдық 118 көшеге жаңа аяқжол төсеу ісін жүзеге асырды. Жұмыстар кезең-кезеңімен жыл соңына дейін толық аяқталуы жоспарланған.

Аяқжолдар төселген көшелер тұрғындардың қауіпсіздігін арттырып қана қоймай, ауданның инфрақұрылымдық әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді. Жол желісін дамыту, әсіресе аяқжол салу арқылы қоғамдық көлікпен және жеке автокөліктермен жүріп-тұру жеңілдетіледі, тұрғындар мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.

Тұран ауданында жалпы 1 229 көше бар, оның ұзындығы 570,4 шақырымды құрайды. Аудан көшелерінің 458,1 шақырымы асфальтпен жабылған, бұл жалпы ұзындықтың 80,4 пайызын құрайды. Ал тас жолдар 112,3 шақырымды алып, бұл 19,6 пайызға тең. Жол желісін кеңейту және аяқжол салу жұмыстарын жүйелі жүргізу арқылы аудан тұрғындары үшін қауіпсіз және ыңғайлы орта қалыптастырылады.

Аяқжолдар мен жолдарды жөндеу жұмыстарының сапасы мен ұзақ мерзімділігін қамтамасыз ету үшін жаңа технологиялар мен заманауи материалдар қолданылады. Сонымен қатар, құрылыс жұмыстары барысында тұрғындардың ұсыныстары мен ескертпелері де назарда болады.

Осылайша, Тұран ауданында жүргізіліп жатқан инфрақұрылымдық жұмыстар – қала дамуының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Жол желісін дамыту, аяқжолдар төсеу және тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру бағытындағы шаралар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына және халықтың өмір сапасының жақсаруына тікелей ықпал етеді. Бұл жұмыстардың нәтижесінде Тұран ауданы заманауи, қолайлы және қауіпсіз инфрақұрылымы бар аймаққа айналуда.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Инфраструктура и логистика: новые комплексы для поддержки сельскохозяйственной продукции

AdiletTV

ҒҰСМАН ҚЫРҒЫЗБАЕВ 66 КЕЛІДЕ ҚОЛА МЕДАЛЬ АЛДЫ

AdiletTV

 МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ-БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз