adilettv

ШЫМКЕНТТЕ «БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Шымкент қаласында жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Белсенді ұзақ өмір орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жаңа ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Аталған әлеуметтік нысан зейнет жасындағы азаматтардың өмір сапасын арттыруға, олардың белсенді әрі салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасауға бағытталған.

Салтанатты іс-шараға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Арман Сәбитов, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов, «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қорының бас директоры Альфия Адиева, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева, ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар мен демеуші мекемелердің өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында мәртебелі қонақтарға орталықтың жаңа ғимараты таныстырылып, мұнда көрсетілетін қызмет түрлері мен мүмкіндіктері ұсынылды. Фойеде қазақ халқының ұлттық тағамдарын ұсыну дәстүрі көрсетіліп, халықаралық фестивальдің Гран-при иегері атанған «Жеті қазына» би тобы «Кесе» биін орындады. Сонымен қатар, «Асыл Арман» әжелер тобының қатысуымен «Белсенді әжелер» дефилесі ұйымдастырылып, көпшілік назарына ұсынылды.

Қонақтар орталық аумағындағы үстел теннисі, шахмат және шашка алаңдарын аралап көріп, республикалық спорт фестивальдерінде жүлделі орындарға ие болған қызмет алушылардың жетістіктерімен танысты. Сондай-ақ дәрігерлік қабылдау бөлмесі, шунгит және тұз кеніші, сенсорлық бөлмелерден тұратын емдік аймақтар көрсетілді.

Ғимараттың екінші қабатында араб тілі кабинеті, йога залы, физикалық және массаж кабинеттері, еңбек терапиясы бөлмесі орналасқан. Үшінші қабатта психолог кабинеті, кітапхана, арт-терапия бөлмелері (құм терапиясы, гончар және сурет өнері), сондай-ақ заманауи талаптарға сай жабдықталған кинозал жұмыс істейді.

Айта кетейік, бұған дейін орталық Дулати көшесі, 36 мекенжайында орналасқан болса, қазіргі таңда Дулати көшесі, 64 мекенжайындағы жаңа ғимаратқа көшірілді.

Жаңа ғимараттың пайдалануға берілуі – зейнет жасындағы азаматтардың денсаулығын нығайтуға, олардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына және бос уақытын тиімді өткізуіне бағытталған маңызды әлеуметтік бастамалардың бірі. Орталықта аға буын өкілдері үшін жан-жақты қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасалған.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛА МӘРТЕБЕСІН АЛҒАНАН КЕЙІНГІ (2018–2025) ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ

AdiletTV

Шымкент қаласы: Еңбек адамы-Абай АПБ учаскелік полиция инспекторы қызметін атқарып отырған полиция майоры Тогызбаев Ерболат

AdiletTV

ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫ ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз