adilettv

ҚАЛАДА ПЕДАГОГТАР ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ БАҒЫТЫНДА АРНАЙЫ ОҚЫТУДАН ӨТІП, ЦИФРЛЫҚ ДАҒДЫЛАРДЫ ИГЕРУДЕ

2025 жылдың 11 айында Шымкент қаласының білім беру саласында кешенді әрі жүйелі жұмыстар атқарылып, нақты нәтижелерге қол жеткізілді. Саладағы басты басымдық – баланың құқығын қорғау, сапалы білімге тең қолжетімділік пен адами капиталды дамыту болды.
Қалада бүгінде 831 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала есепке алынған. Олардың басым бөлігі отбасылық тәрбиеге орналастырылып, қалғаны арнайы қолдау орталықтарында тәрбиеленуде. Отбасында тәрбиеленіп отырған 674 балаға ай сайын 10 АЕК көлемінде жәрдемақы тағайындалған. Биыл 53 бала тұрғын үймен қамтамасыз етілсе, мектеп бітірген түлектердің бір бөлігі ЖОО мен колледж гранттарын иеленді. Сонымен қатар, 2025 жылдан бастап 90 штат бірлігі бар «Қорғаншылық және қамқоршылық орталығы» өз жұмысын бастап, балалардың құқықтарын қорғау жүйесі институционалдық тұрғыда күшейтілді.
Техникалық және кәсіптік білім беру саласында да оң өзгерістер байқалады. Қаладағы 38 колледжде 49 мыңнан астам студент 98 мамандық бойынша білім алуда. Еңбек нарығының сұранысына сәйкес 8 мың орынға мемлекеттік тапсырыс бөлініп, былтыр 14 905 түлек даярланды. Олардың 72,5 пайызы жұмыспен қамтылды. Дуальды оқыту жүйесі 20 колледжде енгізіліп, 10 мыңнан астам студент өндірістік тәжірибеден өтуде. «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында өңірде 250-ге жуық іс-шара ұйымдастырылып, мыңдаған студент пен мектеп оқушылары қамтылды. Ал WorldSkills чемпионаттарында шымкенттік жастар жүлделі орындар алып, қаланың кәсіби білім беру әлеуетін көрсетті.
Білім сапасының басты тірегі – педагог кадрлар. Қала бойынша 31 662 педагог еңбек етсе, олардың 60 пайызы біліктілік деңгейі жоғары санатқа ие. Мыңдаған мұғалім республикалық және жергілікті бюджет есебінен біліктілігін арттырды. Сонымен қатар, барлық педагогтар жасанды интеллект бағытында оқытылып, цифрлық дағдыларын жетілдірді. Педагогтерді жұмысқа қабылдау ашық конкурс арқылы жүргізіліп, «BilimQadam-2025» жәрмеңкесі нәтижесінде 100-ден астам жас маман жұмыспен қамтылды. Қалалық педагогтер республикалық деңгейдегі байқауларда да үздік атанып, білім сапасының өскенін дәлелдеді. Оқушылардың жетістіктері де айрықша. 2025 жылы шымкенттік оқушылар халықаралық робототехника жарыстарында Қытай, БАӘ алаңдарында жүлделі орындарға ие болды. Республикалық пәндік олимпиадалар мен ғылыми, шығармашылық байқауларда қала оқушылары 227 жүлделі орын жеңіп алды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АБАЙЛАҢЫЗ! АЛАЯҚТАР!

AdiletTV

ШЫМКЕНТТЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР КҮНІ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

AdiletTV

ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз