adilettv

БАЗАРДА ҮНДІСТАНДЫҚ СТУДЕНТКЕ ШАБУЫЛ ЖАСАЛҒАН

Базарда үндістандық студентке шабуыл жасалған .Оқиға 10 қаңтар күні Шымкентте болған. Жағдайды үндістандық студент желідегі парақшасында хабарлады. Видеода ол өзіне шабуыл жасағанын айтып, көз жасына ерік берген. Тіпті полициядан көмек сұраған.
Оның айтуынша, шабуыл жасағандар ұялы телефонын тартып алмақ болып, қорлаған. Жігіт әлеуметтік желілерде блог жүргізіп, Шымкенттегі өмірі туралы баяндайды. Жарияланған жазба тез тарап, полиция назарын аударды. Полиция мәліметінше, шетелдік азамат желіге кейін жариялау үшін видео түсірген. Саудагерлер шуға шағамданып, түсірілімді тоқтатуды талап еткен. Осылайша базардың күзет қызметіне жүгінген. Олардың арасында жанжал туындаған. Кейін олар ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Полиция әкімшілік іс қозғады. Материалдар сотқа жіберілмек.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ ЖОЛ АҚЫСЫ КӨТЕРІЛМЕЙДІ

ЖАҢА ГҮЛЗАР ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ

AdiletTV

ПРЕЗИДЕНТ ЖАҢА ПАРЛАМЕНТТІ «ҚҰРЫЛТАЙ» ДЕП АТАУДЫ ҰСЫНДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз