adilettv

ОТАНДЫҚ ӨНІМГЕ ҚОЛДАУ АРТУДА

Түркістан облысында өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту бағытында қарқынды жұмыс жалғасып жатыр. Аталған жобалардың жай-күйі мен алдағы жоспарлар Түркістан өңірлік инвестициялық штабының мәжілісінде кеңінен талқыланды.
Кәсіпкерлермен тікелей диалог орнатылып, мәселелер ашық айтылды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров әрбір жоба бойынша жауаптылардың есебін тыңдап, тиісті тапсырмалар берді
Мәжілісте 2026 жылы іске асырылатын инвестициялық жобалар және 2025 жылғы форум аясында қытайлық инвесторлармен жүргізілген келіссөздердің іске асырылу барысы туралы Сауран ауданы мен Кентау қаласы әкімдерінің есептері тыңдалып, тиісті тапсырмалар берілді.
Айта кетейік, 11 айда облыс экономикасына 1,4 трлн теңге инвестиция тартылды. Өнеркәсіп қарқыны күшейді, 57 инвестициялық жоба іске қосылып, 8 310 жұмыс орны ашылды. Облыстың өнеркәсіптік әлеуетін дамыту мақсатында 20 индустриалды және «TURAN» арнайы экономикалық аймағы құрылған. Индустриалды аймақтарда 39 млрд теңге инвестиция тартылып, 50 жоба іске қосылды. «TURAN» арнайы экономикалық аймағында 223 млрд теңгеге 20 ірі жоба жүзеге асырылып жатыр

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ӘКІМ, ЕКІ ЖЫЛДА ШЫМКЕНТТІ ТОЛЫҚ ЖАРЫҚТАНДЫРДЫ: ЖЫЛ СОҢЫНА 100%-ҒА ЖЕТЕДІ

AdiletTV

ШЫМКЕНТТЕГІ ҚЫЗЫЛЖАР-2 ШАҒЫНАУДАНЫ ТОЛЫҚҚАНДЫ ИНЖЕНЕРЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМҒА ҚОСЫЛДЫ

AdiletTV

ШЫМКЕНТ: В ТЕКЕСУ ЗАПУЩЕНА СИСТЕМА ВОДОСНАБЖЕНИЯ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз