adilettv

2026 ЖЫЛҒЫ 1 НАУРЫЗҒА ДЕЙІН САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕРГЕ АРНАУЛЫ САЛЫҚ РЕЖИМІН ТАҢДАУ ҚАЖЕТ

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енгенін еске салады, осы Салық кодексімен үш арнаулы салық режимі көзделген: өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін, оңайлатылған декларация негізіндегі, шаруа (фермер) қожалықтары үшін арнаулы салық режимі туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Арнаулы салық режимі әкімшілендіру басқармасының басшысы Шыңберген Ерқанат ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде өткен баспасөз конференциясында айтып берді.

Оңайлатылған декларация негізіндегі режимге көшу туралы
Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолдануды жоспарлаған салық төлеушілер 2026 жылғы 1 наурызға дейін қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама ұсынуы қажет.

Аталған хабарлама 2026 жылғы 1 наурызға дейін ұсынылмаған жағдайда, салық төлеушілер 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне автоматты түрде көшіріледі.

Хабарламаны келесі тәсілдермен ұсынуға болады:

Салық төлеуші кабинеті арқылы (ИСНА АЖ жүйесінде «Құжаттарды ұсыну» – «Қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама» бөлімі);
«E-Salyq Business» арнаулы мобильді қосымшасы арқылы («Сервис» – «Жеке кәсіпкердің салық режимін ауыстыру»);
орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына қағаз түрінде;
банктердің мобильді қосымшалары арқылы.
Анықтама үшін: қазіргі уақытта аталған сервис Kaspi Bank қосымшасында «Мемлекеттік қызметтер» – «ЖК деректемелері мен салық режимін өзгерту» бөлімінде іске асырылған.

Салық төлеушілердің назарына! 2025 жылдың соңында қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны «көшу» себебімен қате ұсынған салық төлеушілер үшін хабарлаймыз.

2026 жылғы 12 қаңтардан бастап ақпараттық жүйеде «көшу» себебімен қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны қайта ұсыну мүмкіндігі қолжетімді.

Осыған байланысты, 2025 жылдың соңында қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны қате түрде ұсынған салық төлеушілерге жаңа хабарламаны қайта ұсыну қажет.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін режимге көшу туралы
2026 жылғы 1 наурызда салық органдары 2025 жылы патент негізіндегі АСР-ін немесе арнаулы мобильді қосымшаны пайдалана отырып АСР-ін қолданған салық төлеушілерді жеке кәсіпкер ретінде есептен автоматты түрде шығарады.

Есептен шығару күні 2026 жылғы 1 қаңтар болып есептеледі, бұл ретте салық төлеушінің өз бетінше есептен шығу туралы өтініш беру құқығы сақталады.

Ескерту: егер салық төлеуші қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама ұсынып, басқа режимді таңдаған болса, автоматты түрде есептен шығару жүргізілмейді.

Бұл ретте, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданудың басталу күні «E-Salyq Business» мобильді қосымшасында алғашқы чектің қалыптастырылған күні болып табылады.

Шаруа (фермер) қожалықтары үшін режимге көшу туралы
Шаруа (фермер) қожалықтары үшін арнаулы салық режиміне көшу 2026 жылғы 1 наурызға дейін салық органдары арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады және салық төлеушілерден хабарлама ұсынуды талап етпейді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ӨСІМІ РЕСПУБЛИКА БОЙЫНША АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРДА

AdiletTV

ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚТЫҢ БАҚЫТЫ МЕН БЕРЕКЕЛІ ӨМІРІ – ОРТАҚ МАҚСАТ

AdiletTV

2026 ЖЫЛЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІСТЕР БОЛАДЫ?

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз