Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Eurasia Group AG» компаниясының Бас операциялық директоры және «Eurasia Group Kazakhstan» компаниясының Бас директоры Сергей Глоккені қабылдады. Кездесу барысында ауыл шаруашылығы техникалары, оларға сервистік қызмет көрсету жайы талқыланды.
⤵️Облыс басшысы жаңа бастамаларға ашық екенін айтып, жобаларды жүзеге асыруға қолдау көрсетілетінін жеткізді.
📌– Біз бұған дейінгі келіссөздер нәтижелерін жоғары бағалаймыз және серіктестігімізді одан әрі нығайтуға мүдделіміз. Ауыл шаруашылығы –Түркістан облысы экономикасының драйвері. Бүгінгі таңда біздің өңір Қазақстанда аграрлық өнім шығарудың жоғары көрсеткіштерін көрсетуде. Өңірде 28 мыңға жуық ауыл шаруашылығы техникасы бар, олардың 40%-ы ескірген. Ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру, жаңарту мәселесі біз үшін маңызды. Облыстың климаттық орналасуы ауыл шаруашылығы саласын дамыту үшін өте қолайлы. 2025 жылы Түркістан облысында жалпы өнім көлемі 4,532 млн тоннаға жетіп, ауыл шаруашылығы өндірісінің өсуі қамтамасыз етілді. Өңірде индустриялық аймақтар, «Turan» арнайы экономикалық аймағы сияқты негізгі инвестициялық алаңдар бар. Бұл алаңдарда инвесторларға дайын инфрақұрылымы бар жер учаскелері, сондай-ақ салық жеңілдіктері қарастырылған. Сонымен қатар мемлекет есебінен шағын өнеркәсіптік ғимараттар салынып, инвесторларға жалға берілуде. Жаңа жобаларға қажетті қолдау көрсетуге дайынбыз. Сонымен бірге сіздерге қажетті мамандарды даярлау үшін облыстағы колледждердің әлеуетін пайдалануды ұсынамын, – деді Нұралхан Көшеров.
▪️Компания өкілдері Түркістан облысының ауыл шаруашылығы техникаларына жүргізілген талдау қорытындыларымен бөлісіп, ұсыныстарын айтты. Жобаларын таныстырып, бірлесе жұмыс істеуге дайын екендерін жеткізді. Ауыл шаруашылығы техникаларын шығару және оларға сервистік қызмет көрсету бағытындағы бастамалары жемісті боларына сенім білдірді.
▪️«Eurasia Group Kazakhstan» – ауыл шаруашылығы техникасы, жабдықтары мен агротехнологиялары нарығында жұмыс істейтін қазақстандық компания. 2002 жылы құрылған компанияның 500-ге жуық қызметкері бар. Компания ауыл шаруашылығы техникасын және бірегей қосалқы бөлшектерді көтерме жеткізуді жүзеге асырады, сервистік сүйемелдеуді, жөндеу және техникалық қызмет көрсетуді, агроменеджмент қызметтерін, операторларды оқытуды, сондай-ақ егіншілік саласындағы цифрлық шешімдерді ұсынады. Компанияның Қазақстанда 14 өкілдігі бар.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
