adilettv

ЦИФРЛЫҚ ӘДІЛЕТ: ХАЛЫҚҚА ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК ОНЛАЙН КӨРСЕТІЛУДЕ

Бүгін, Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте, Шымкент қаласы Әділет департаментінің басшысы — Исабекова Айнұр Ақжігітқызы төмендегідей мәлімдеме жасады.
Халыққа заңгерлік көмек көрсету мен азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру – бүгінгі күннің басты басымдықтарының бірі. Осы бағытта қалада кешенді әрі жүйелі жұмыстар атқарылып келеді.
Қазіргі таңда шаһарда 340 нотариус, 513 адвокат және 1331 заң кеңесшісі қызмет етеді. Олар тұрғындарға түрлі құқықтық мәселелер бойынша кеңес беріп, нақты көмек көрсетуде. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Әділет департаменті заң қызметін ұйымдастыру, тегін заң көмегін көрсету саласында бірқатар маңызды бастамаларды жүзеге асырды.
Бүгінде заңгердің немесе адвокаттың көмегіне жүгіну бұрынғыдай қиын емес. Кез келген азамат онлайн форматта кеңес ала алады. Бұл үшін «Е-заң көмегі» атты арнайы мобильді қосымша жұмыс істеп тұр. Аталған қызмет Egov сайтында және «Заң көмегі» қосымшасында қолжетімді.
Сонымен қатар, жасанды интеллектке негізделген чат-бот іске қосылуда. Ол тәулік бойы, яғни 24/7 режимінде халықтың құқықтық сұрақтарына жауап береді. Виртуалды көмекшіге adilet.zan.kz сайты мен «Е-заң көмегі» порталы арқылы жүгінуге болады. Қазіргі таңда чат-боттың жұмыс істеу механизмі жетілдіріліп жатыр.
Нотариат саласы да цифрландырудан тыс қалған жоқ. 2025 жылы Шымкент қаласының нотариустары 868 111 қызмет көрсетсе, оның 43 404-і онлайн форматта «Е-нотари» платформасы арқылы жүзеге асырылған. Бұл – халықтың электронды қызметтерге деген сұранысының артқанын көрсетеді.
Азаматтардың жиі шағымданатын мәселелерінің бірі – қарыз өндіру бойынша атқару жазбалары болатын. Енді бұл түйткіл де оң шешімін тапты. Қазіргі таңда борышкерге атқару жазбасы туралы ақпарат 1414 нөмірі арқылы автоматты түрде жіберіледі. Егер азамат жазбамен келіспесе, «Мобильді үкімет» қосымшасы арқылы онлайн түрде нотариусқа қарсылық білдіре алады. Бұл жаңашылдық қағазбастылықты азайтып, уақытты үнемдеуге мүмкіндік берді.
Елімізде шығарылған құжаттарды шетелде пайдалану үшін апостиль қою қызметі де онлайн форматқа көшірілді. АХАТ органдарының, нотариустардың және мемлекеттік органдардың құжаттарына электронды апостиль қою үшін Egov порталы арқылы өтініш беруге болады. Қалада апостиль қою бойынша 6215, ал заңды тұлғаларды тіркеу бойынша 588 құжат тіркелген.
Тағы бір маңызды өзгеріс – азаматтық хал актілеріндегі қателіктерді анықтау тәртібі. Енді мұндай дауларды жалпы соттар емес, мамандандырылған әкімшілік соттар қарайды. Бұл істердің тез әрі нақты шешілуіне жол ашады. Сот шешімі АХАТ органдары үшін міндетті болып саналады.
Зияткерлік меншік саласына қатысты заңнамаға да бірқатар өзгерістер енгізілді. Енді көру қабілеті нашар азаматтар кітаптар мен шығармаларды автордан арнайы рұқсат алмай-ақ, ақысыз пайдалануға мүмкіндік алды. Бұл олардың білім мен ақпаратқа қолжетімділігін арттырады.
Сонымен қатар, тауар белгісін тіркеу тәртібі жеңілдетілді. Бұрын 7 айға дейін созылатын тіркеу мерзімі ақылы жедел қызмет арқылы 4 айға дейін қысқартылды. Ал тауар белгісіне қатысты шағым беру уақыты 1 айдан 2 айға ұзартылды. Бұл кәсіпкерлер үшін үлкен қолдау.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ ЕСКЕРТЕДІ

AdiletTV

Г. Шымкент: Нурлан Алмасбеков: «правонарушение не остается безнаказанным»

AdiletTV

ПАРИЖСКОЕ СОГЛАШЕНИЕ И ПАРНИКОВЫЕ ГАЗЫ: КАКИЕ ИСТОЧНИКИ ЭНЕРГИИ ВЫЗЫВАЮТ БОЛЬШЕ ВСЕГО ВЫБРОСОВ CO₂?

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз