adilettv

ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘУТІКОВ ОЛИМПИАДАСЫНДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Шымкент қаласының оқушылары халықаралық олимпиадада жүлдегер атанды. 10-15 қаңтар аралығында Алматы қаласында математика, физика және информатика пәндері бойынша XXII халықаралық Жәутіков олимпиадасы өткен болатын. Білім сайысына әлемнің Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Болгария, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Пәкістан, Ресей, Румыния, Тәжікстан, Түрікменстан, Индонезия, Үндістан, Өзбекстан секілді 16 елінен 612 оқушы қатысты.
Бес күнге созылған олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған қатысушылар алтын, күміс және қола медальдармен, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Олардың қатарында Шымкент қаласының 2 оқушысы да бар.
Атап айтсақ ұлдарға арналған №1 «Білім-инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы Алмасхан Арсен физика пәнінен ІІ дәрежелі диплом мен күміс медальға, ал 11 сынып оқушысы Назарбай Мерей ІІІ дәрежелі диплом мен қола медальға ие болды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ: ЗНАЧИТЕЛЬНЫЙ ПРОГРЕСС В ОБЕСПЕЧЕНИИ ГОРОДА ПИТЬЕВОЙ ВОДОЙ, ЭЛЕКТРОЭНЕРГИЕЙ И УЛИЧНЫМ ОСВЕЩЕНИЕМ

AdiletTV

В 2025 году город Шымкент продолжил активную работу по созданию благоприятной и открытой инвестиционной среды для инвесторов

AdiletTV

ШЫМКЕНТТЕ ЕКІНШІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «RESPUBLICA ASYQ ATU» ТУРНИРІ ӨТТІ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз