adilettv

НҰРЖАН ТҰРСЫНХАНОВ АГЕНТТІК ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Мемлекет басшысының өкімімен Нұржан Асқарұлы Тұрсынханов Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

2003 жылы University of Nottingham университетін «Экономика» мамандығы бойынша аяқтады. 2020 жылы Nazarbayev University-де «Басшыларға арналған іскерлік басқару» бағдарламасы бойынша оқуды аяқтады.

Нұржан Тұрсынханов еңбек қызметін 2003 жылы «HSBC Банк Қазақстан» ЕБ» АҚ-та Қазынашылық департаментінің трейдері болып бастады.

2004-2012 жылдары Ұлттық Банктің Монетарлық операциялар департаменті дилингтік операциялар басқармасының бас дилері және бастығының орынбасары лауазымдарын атқарды.

2012-2015 жылдары «Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» АҚ Төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

2015 жылы «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2015-2019 жылдары Ұлттық Банктің Монетарлық операциялар департаменті зейнетақы активтері басқармасының бастығы және директорының орынбасары лауазымдарын атқарды. Сонымен бірге 2019 жылғы желтоқсан айынан бастап «Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады.

2019 жылғы желтоқсаннан бастап 2026 жылғы қаңтарға дейін Ұлттық Банктің Монетарлық операциялар департаментін басқарды, Ұлттық Банктің алтын-валюта активтерін, Ұлттық қор активтерін, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін, сондай-ақ Ұлттық Банк клиенттерінің активтерін басқаруды жүзеге асырды. Ол ақша-несие саясатын жүзеге асыру, қолма-қол шетел валютасын қамтамасыз ету және мемлекеттің аффинделген алтын сатып алуға басым құқығын жүзеге асыру үшін қаржы нарығының операцияларын қадағалады.

2019 жылдың желтоқсанынан 2026 жылдың қаңтарына дейін ол сондай-ақ «ҚР Ұлттық банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болды.

«Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасымен, «Теңгеге 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 25 жыл», «Теңгеге 30 жыл» мерекелік медальдарымен, сондай-ақ «Қазақстан Ұлттық Банкінің еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісімен және Ұлттық Банк Төрағасының алғыс хаттарымен марапатталды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкент қаласы: Есірткіге қарсы күрес екпін алды

AdiletTV

ТҮРКІСТАНДА ҚАРТ ӘКЕСІН ҰРЫП-СОҚҚАН ЕР АДАМ КӨПШІЛІКТЕН КЕШІРІМ СҰРАДЫ

AdiletTV

Шымкент қаласының сыртқы байланыстарының дамуы

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз