adilettv

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ «SHYMKENT OPEN» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КАРАТЭ ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

Қалада алғаш рет “Shymkent Open” каратэ WKF-тен халықаралық, Азия және Әлем чемпионатына іріктеу турнирі өтуде. “Құрмет”, “Парасат” ордендерінің иегері, академик Саттар Қуашбайдың жүлдесіне арналған жарыстың бүгін салтанатты ресми ашылуы ұйымдастырылып, командалар сап түзеді.
Беделді халықаралық додада жастар және жасөспірімдер арасында 900-ге жуық спортшы бақ сынайды. Атап айтқанда, Өзбекстан мен Қырғызстан елдерінен, сондай-ақ, Қазақстанның 15 өңірінен келген үздік каратэшілер өзара мықтыны анықтайды. Турнир жас спортшылар үшін халықаралық деңгейде тәжірибе жинақтап, шеберлігін шыңдауға мүмкіндік беретін маңызды спорттық алаң саналады.
«SHYMKENT OPEN» халықаралық турнирі өңірде каратэ спортын дамытуға, жас спортшыларды қолдауға және халықаралық спорттық байланыстарды нығайтуға бағытталған маңызды іс-шара болмақ.
Ашылу рәсімінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек шаһарда каратэ спорты қарқынды дамып келе жатқанын, жеңісті дәстүр қалыптасқанын атап өтті. Токио Олимпиадасында қала спортшылары екі қола жүлдеге ие болды. Өткен жылы Софья Берульцева әлем чемпионатынан күміс жүлдемен оралды. Қала әкімінің орынбасары бұл жеңістер одан әрі де жалғасын табатынына сенім білдірді.
Қала мәслихатының төрағасы Б.Нарымбетов жастардың қадамына сәттілік тілеп, деңгейі жоғары сайыс дәстүрлі түрде өтуі тиіс екенін айтты.
Қаладағы жеңіл атлетикалық спорт кешенінде өтіп жатқан маңызы жоғары сайыс ертең мәресіне жетеді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкент қаласы: Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мекемелерінде нашақорлықтың алдын алу жұмыстары жалғасуда

AdiletTV

Шымкент қаласы: Әл-Фараби АПБ-де тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы 6 рет кездесу өтті

AdiletTV

«Трояның ағаш аты». Қазақ ғалымының онкологияға қарсы дәрісі қатерлі ісікті қалай жояды

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз