adilettv

ТОҚАЕВ МӘМС БАСШЫЛАРЫН СЫНАП ТАСТАДЫ

Президент құрылтайда әлеуметтік медициналық сақтандыру қорыдағы ахуалды сынға алды. Ол қордағы қаржыны жымқыру әрекеттерін ұлтқа төнген қатер деп атады.
Мемлекет басшысының айтуынша, жаппай заңбұзушылықтар мен құжаттарды қолдан жасау салдарынан әлеуметтік саланы дамытуға бағытталған қаражат ірі көлемде жымқырылған.
Осыған байланысты Тоқаев тиісті органдарға заңсыз схемаларға қатысы барларды анықтап, жауапкершілікке тартуды тапсырды.
Сондай-ақ Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын Қаржы министрлігінің қарамағына беру туралы ұсынысты қолдайтынын айтты.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА ҮЗДІК ҮШТІККЕ ЕНДІ

AdiletTV

Город Шымкент: Проводится акция «Я твой участковый инспектор»

AdiletTV

Шенеуніктер байқаусызда «тендерді жеңіп алу нұсқаулығын» сыртқа шығарды: Антикор мәлімдеме жасады

admin

Пікір қалдырыңыз