adilettv

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ЖОЮДАН БАСТАП, МИНАЛАРДЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУҒА ДЕЙІН: ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНЖЕНЕРЛІК ӘСКЕРЛЕРІ ҚАЛАЙ ҚЫЗМЕТ АТҚАРАДЫ

21 қаңтарда Қазақстанда ең жауапты әрі қауіпті әскери мамандықтардың бірінің кәсіби мерекесі – Инженерлік әскерлердің күні аталып өтіледі.
Олардың қатарында саперлар, инженер-барлаушылар, механик-жүргізушілер, понтоншылар, кинологтар және басқа да мамандар бар. Әскери инженерлер бағдарларды дайындау мен қамтамасыз етуге, фортификациялық құрылыстар салуға, миналық-жарылғыш бөгеттерді орнату және залалсыздандыруға, өткелдер ұйымдастыруға, сондай-ақ әскерлерді сумен қамтамасыз етуге жауапты.
Сонымен қатар олардың міндетіне әскери нысандарды бүркемелеу немесе имитациялау кіреді. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуде инженерлік-саперлік бөлімшелер ерекше рөл атқарады. Олар аумақты миналардан тазалау жұмыстарын жүргізеді. Бұл қызмет жоғары кәсіби дайындықты, қатаң тәртіпті және күйзеліске төзімділікті талап етеді. Инженерлік әскерлер заманауи барлау құралдарымен, робототехникамен, жер қазу және понтондық техникамен жабдықталған.
Әскери инженерлер төтенше жағдайлардың салдарын жоюға да тартылады. 2024 жылғы көктемгі су тасқыны кезінде Ойыл және Есіл өзендері арқылы паром өткелдері ұйымдастырылып, 3 мыңнан астам адам эвакуацияланды, шамамен 1,5 мың техника бірлігі өткізілді және 400 тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілді.
Қазақстандық инженерлер халықаралық миссияларға да елеулі үлес қосты. Ирактағы операция барысында олар 4 миллионнан астам жарылғыш затты залалсыздандырып, 6,7 мың текше метрден астам суды тазартты. Қазіргі заманғы техникамен жабдықталған және білікті мамандармен толықтырылған инженерлік әскерлер ұлттық қауіпсіздік жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі болып қала береді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚАЛАДА «СТОП-ВЕЙП!» АКЦИЯСЫ ӨТІП ЖАТЫР

AdiletTV

Развитие креативной индустрии в городе Шымкент в 2025 году

AdiletTV

ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГІ АГЕНТТІГІ АЗАМАТТАРДЫ ТЕЛЕФОН ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРЫНАН САҚ БОЛУҒА ШАҚЫРАДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз