adilettv

ЖАСТАРДЫ ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕРДЕН САҚТАНДЫРУ — ОРТАҚ МІНДЕТ

Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасы мен Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жастар арасында нашақорлық пен лудоманияның алдын алуға бағытталған толықметражды «Күйе» көркем фильмі көрерменге жол тартты.

Көрсетілімге Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының басшысы Азамат Парманов, сондай-ақ Шымкент қаласы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасы бастығының орынбасары Бекжан Құлатаев арнайы қатысты. Зал толы кездесу барысында спикерлер жастарға зиянды әдеттердің, әсіресе нашақорлық пен құмар ойындарының адам өміріне, болашағына тигізер зардабы туралы түсіндірді. Сонымен қатар, мұндай әрекеттер үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құқықтық жауапкершілік жайында нақты мысалдар келтірілді.

Шымкент қаласы прокуратурасының өкілі Бекжан Батырбекұлы өз сөзінде лудоманияның бүгінгі таңда аса қауіпті сипат алып отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, қазір құмар ойындары тек казино немесе арнайы орындармен шектелмейді.

Кездесу барысында мемлекет тарапынан жастардың қауіпсіздігі мен болашағын қорғау басты басымдықтардың бірі екені де атап өтілді. Құмар ойындарының алдын алу, заңсыз букмекерлік қызметке тосқауыл қою, жастарды зиянды әдеттерден қорғау бағытында нақты әрі жүйелі шаралар жүзеге асырылып жатқаны айтылды.

Жастар фильмді бір деммен көріп шықты. Қоғамның дертіне айналып бара жатқан құмар ойындары мен синтетикалық есірткі заттарының жастарға теріс жол екенін ашып көрсеткен. Шара соңында «Күйе» көркем фильмінің актерлік құрамы қоғамдағы өзекті мәселені көтеріп, жастарға ой салған еңбектері үшін арнайы марапаттарға ие болды. Фильм жастарға терең ой салды деп сенеміз.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Түркістан облысы: Ордабасы аудандық орталық ауруханасында «Репродуктивті денсаулықты нығайту» тақырыбында “Ашық есік күні» өткізілді.

AdiletTV

Шымкент встречает зиму во всеоружии: тепло, уголь и контроль под рукой

AdiletTV

Шымкент қаласы: полицейлер қаза тапқан әріптестерінің ұлын білім күні қарсаңында мектепке алып барды.

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз