adilettv

2025 ЖЫЛДЫ МОЛ ТАБЫСПЕН АЯҚТАДЫҚ — ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ

Бұл туралы ҚР Президенті Қасым- Жомарт Тоқаев Қызылорда қаласында Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы барысында мәлім етті.
– Біз бір ел, бір халық болып жұмыла білгеннің арқасында өткен жылды мол табыспен аяқтадық. Былтыр экономикамыз 6,5 пайызға өсті. Еліміздің ішкі жалпы өнімі 300 миллиард доллардан асты, ал, жан басына шаққандағы үлесі Тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет 15 мың доллар болды. Бұл – бүкіл Орталық Азия аймағы бойынша рекордтық көрсеткіш. Ұлттық қордың валюталық активтері 5 миллиард долларға ұлғайды. Алтын-валюта қорымыз ең жоғары деңгейге жетіп, 65 миллиард доллардан асты. Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 40 пайызға жақындады. Халық саны 20,5 миллионға жуықтады. Азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 75,4 жасқа жетті. Ең бастысы, қоғам өзгерді, реформаларымыз тұрақты сипатқа ие болды, халықтың сана-сезімінде үлкен бетбұрыс жасалды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Город Шымкент: живи своей жизнью

AdiletTV

Создание новых индустриальных зон и работы по расширению существующих

AdiletTV

АКАДЕМИК Ә.ҚУАТБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІНЕ 25 ЖЫЛ!

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз