adilettv

ШЫМКЕНТТЕ ЖОЛДЫҢ ОРТАСЫНДА ТӨБЕЛЕСІП, АДАМ ӨЛТІРГЕНДЕР ҰСТАЛДЫ

Қайғылы жағдай 20 қаңтар күні болған. Екі көліктің жүргізушісі бір-бірімен жанжалдасып жатқанда олардың жанына тағы бір көлік тоқтаған. Одан шыққан адамдар да жанжалға араласқан. Жол үстінде шамамен онға жуық адам төбелескен. Қақтығыс барысында суық қару қолданылған.
Пышақ жарақатын алған екі ер адам ауруханаға жеткізілген. Ал жанжалға қатысушылардың тағы бірін күштеп көлікке отырғызып, қала сыртына алып кеткен. Кейінірек оның мәйіті табылған
Сосын қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер іздестірілді. Нәтижесінде төрт ер адам ұсталды. Олар адам өлтіру, бұзақылық және адам ұрлау баптары бойынша күдікке ілініп отыр. Қазір барлығы уақытша ұстау изоляторында.
Қаза тапқан адам 40 жастағы Василий Колесников болуы мүмкін. Ол бұған дейін прокурордың ұлын өлтірді деген айыппен сотталған екен. Алайда тергеу органдары бұл ақпаратты нақтыламады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АППАРАТ ОТЫРЫСЫНДА ҚАЛАДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР МЕН АЛДАҒЫ ҚЫСҚЫ МАУСЫМ ШАРАЛАРЫ ҚАРАЛДЫ

AdiletTV

Шымкент қаласы: Еңбек адамы-Абай АПБ учаскелік полиция инспекторы қызметін атқарып отырған полиция майоры Тогызбаев Ерболат

AdiletTV

Город Шымкент: человек труда -Куаныш Сагналыулы

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз