adilettv

БІР ТОП БҰЗАҚЫ ЕР АДАМДЫ АЯУСЫЗ ҰРЫП-СОҚҚАН

Оқиға 18 қаңтарда Атырау облысы «Зиллон» түнгі барында болған.
Желіде тараған видеодан жанжалдың мекеме ішінде басталғанын көруге болады. Онда екі ер адам бір адамға жабылып, соққыға жығады. Олардың бірі ер адамды асқан қатігездікпен ұрған. Біраз уақыттан кейін үшінші ер адам келіп, жанжалды тоқтатуға тырысқан. Алайда оның да бетіне соққы тиген.
Кейін төбелес далада жалғасып, соққыға жығылған ер адам тағы да ұрып-соққан.
Полиция 32 және 33 жастағы екі күдікті ұсталғанын хабарлады. Қазір бұзақылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТІҢ ӨНЕРКӘСІПТІК ӘЛЕУЕТІ АРТЫП КЕЛЕДІ

AdiletTV

Глава государства: «Компетенции по работе с искусственным интеллектом необходимо формировать, начиная со школьной скамьи».

AdiletTV

ӘКІМ, ЕКІ ЖЫЛДА ШЫМКЕНТТІ ТОЛЫҚ ЖАРЫҚТАНДЫРДЫ: ЖЫЛ СОҢЫНА 100%-ҒА ЖЕТЕДІ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз