7.3 C
Shymkent
17 февраля, 2026
adilettv

«ЖҰЛДЫЗ» ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҒЫНДА ШАҒЫН ӨНЕРКӘСІП АЙМАҒЫ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

«Жұлдыз» индустриялық аймағында орналасқан Шағын өнеркәсіп аймағы.
Шағын өнеркәсіп аймағы 10 гектар аумақта орналасқан. Жобаның жалпы инвестиция көлемі 13 млрд теңгені құрайды. Іске асыру жұмыстары екі кезеңге бөлінген.
Бірінші кезең толығымен аяқталып, 24 000 м² өндірістік және инфрақұрылымдық ғимараттар салынды және пайдалануға берілді.Бүгінде аумақтың бір бөлігі толтырылған: 3 жалға алушы өз қызметін бастады; 2 әлеуетті резидентпен орналастыру бойынша келіссөздер жүргізілуде.
Қазіргі уақытта нысанда шамамен 100 қызметкер жұмыс істейді. Болашақта қызметкерлер санын 300 адамнан астам деңгейге дейін арттыру жоспарлануда.
Екінші кезең бойынша құрылыс жұмыстары жалғасуда. Жоспарға сәйкес 20 000 м² жаңа өндірістік алаңдар салынады.Екінші кезеңді ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау көзделген.
Жоба өңір экономикасын дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және заманауи өндірістік инфрақұрылымды қалыптастыруға бағытталған.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

В ШЫМКЕНТЕ НАБИРАЮТ ОБОРОТ РАБОТЫ ПО РАЗВИТИЮ ЭКОЛОГИЧЕСКОЙ ИНФРАСТРУКТУРЫ

AdiletTV

17 ЖЫЛ ҚҰЛДЫҚТА БОЛҒАН ҚҰНДЫЗДЫҢ СОҢҒЫ ФОТОСЫНАН КЕЙІН ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ

AdiletTV

ҚАЛАДА ҮШ АУЫСЫМДЫ МЕКТЕП МӘСЕЛЕСІ ТОЛЫҚ ШЕШІЛГЕН

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз