adilettv

ШЫМКЕНТТЕ КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ФЕДЕРАЦИЯ КУБОГЫ ӨТТІ

20–21 қаңтар күндері Шымкент қаласында көркем гимнастикадан Федерация кубогы өтті. Аталған жарысқа қаладағы жетекші спортшылар қатысып, өзара мықтыны анықтады. Жарыс нәтижесінде көркем гимнастикадан Қазақстан Республикасының чемпионаттарына қатысатын Шымкент қаласының құрама командасының құрамы бекітілді.
Атап айтқанда, спортшылар МС (спорт шебері), КМС (спорт шеберіне кандидат) бағдарламалары бойынша 2–8 ақпан аралығында Шымкент қаласында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына, сондай-ақ 1-разряд бағдарламасы бойынша 17–22 ақпан күндері Өскемен қаласында ұйымдастырылатын ел чемпионатына қатысады.
Аталған жарыстарда шымкенттік гимнастшылар қаланың және өңірдің намысын қорғап, жоғары нәтижелер көрсетуге ниетті.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Тамақ өнеркәсібі – Шымкенттің тұрақты экономикалық дамуының құрамдас бөлігі

AdiletTV

Основные показатели социально-экономического развития города Шымкент за 8 месяцев 2025 года

AdiletTV

ШЫМКЕНТТЕ ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН МЕРЕКЕЛІК ФЕСТИВАЛЬ ӨТТІ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз