Шымкентте 21 жастағы қыздың қазасына қатысты президенттің мәлімдемесі есіңізде ме? Сол мәлімдемеден соң полиция басшысы мен оның орынбасары қызметінен босатылды. Ал енді бүгін ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов қатардағы полицейлерге салғырттығы үшін қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
Бұған дейін 11 қаңтар күні кешке Шымкентте көпқабатты тұрғын үйдің маңынан қыздың мәйіті табылған еді. Марқұмның денесінде пышақ жарақаттары болған. Ал 20 қаңтар күні Ұлттық құрылтайда президент Ішкі министрлігіне Шымкент қалалық полиция департаментінің әрекетіне құқықтық баға беруді тапсырған еді.
АЛДЫҢҒЫ ПОСТ
Келесі пост
