adilettv

ШЫМКЕНТ: ДЕНДРОСАЯБАҚТЫҢ ҒЫЛЫМИ ӘЛЕУЕТІ МЕН ГЕНДІК ҚОРЫ НЫҒАЮДА

Шымкент қаласындағы А.Асқаров атындағы мемлекеттік дендросаябағында гендік қорды арттыру бағытындағы жұмыс жалғасуда. Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасына сәйкес, 2025 жылы жаңа 116 ағаш-бұта түрі жерсіндіріліп, саябақтағы ағаш түрі 214-тен 330-ға көбейді.
Өзбекстаннан, Қырғызстаннан, Грузиядан және еліміздің Астана, Алматы, Щучинск қалаларынан әкелінген тұқымдар, қаламшалар мен ағаш көшеттері арнайы жылыжайларда өсіріліп, ғылыми бақылауға алынды. Бұл саябақтың биологиялық әртүрлілігін арттыру және ағаш-бұта түрлерін жерсіндіру бағытындағы маңызды ғылыми жаңалық болып отыр.
Мемлекеттік дендросаябақ басшылығы халықаралық және республикалық ботаникалық бақтармен меморандумдар түзіп, ынтымақтастықты кеңейтіп келеді, бұл өз кезегінде гендік қордың байып, өсімдік әлеменің әралуандығының артуына септігін тигізді.
Ал биыл, саябақтың гендік қорын молайту мақсатында, еліміздің өзге қалалары мен шетелден жер бетінде азайып бара жатқан жасыл желектердің тұқымын әкелу жоспарлануда. Айта кетейік, қазіргі таңда дендросаябақта қылқан жапырақтылардың 34 түрі, ағаштың 159 түрі және бұталардың 137 түрі өсіп тұр.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қазақстанда өндіріс саласын қалай дамыту керек

AdiletTV

Город Шымкент: сумма причиненного ущерба по итогам 9 месяцев 2024 года составляет 690 млн тенге

AdiletTV

ШЫМКЕНТТЕ ҒАЛЫМЖАН ЕЛШІБАЙДЫҢ «ҚАЛАМҒА ҚОНҒАН ҚҰТ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз