Мемлекет 878 жекеменшік мектепке шамамен 248 миллиард теңге бөлген, бірақ олардың қайда кеткені түсініксіз.
Қаржы министрі Мәди Тақиев аталған ақша жымқыру түрлерін атап өтті:
🔺Жекеменшік мектептер оқушылардың санын өтірік көбейтіп жазған;
🔺Салық есебінде өз табыстарын азайтып көрсетті;
🔺Талапқа сай келмейтін коттедждерді мектептерге айналдырылды;
🔺Күрделі жөндеуге ақша алып, тек косметикалық жөндеу жүргізді;
Аудит жалғасып жатыр.
Қаржы министрі соңғы екі жылда жекеменшік мектептердің 116 директоры мен негізін қалаушы 895 мүлік сатып алғанын атап өтті.
