Мемлекет басшысының бюджеттік тәртіпті нығайту жөніндегі тапсырмалары аясында Үкімет қаражаттың тиімді жұмсалуына кешенді талдау жүргізіп келеді. Осы жұмыс шеңберінде Премьер-министр Олжас Бектенов Қаржы министрі Мәди Такиев ұсынған жекеменшік мектептерді қаржыландыруға қатысты аудиттің алдын ала нәтижелерін тыңдады,.
Қаржы министрлігінің дерегінше, 2020–2025 жылдары жекеменшік мектептер саны 203-тен 878-ге дейін көбейген. Осы кезеңде оқушылар контингенті 53 мыңнан 322 мыңға өсіп, алты есе артты.
