adilettv

ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІНДЕ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ ИДЕЯЛАРЫ АЯСЫНДАҒЫ МІНДЕТТЕР АЙҚЫНДАЛДЫ

Қорғаныс ведомствосында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қызылорда қаласында өткен V Ұлттық құрылтайда жариялаған реформаларына арналған министрліктің кеңейтілген отырысы өтті. Іс-шараға Қорғаныс министрлігінің, Бас штаб пен Қарулы күштердің басшылық құрамы қатысты. Әскер түрлері мен тектерінің қолбасшылығы, гарнизондардағы әскери бөлімдердің, мекемелер мен әскери оқу орындарының басшылығы видеоконференция арқылы қосылды.
Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов жеке құрамға Президенттің жиында айтқан бастамаларын жеткізді. Ол бағдарламалық мәлімдеменің кешенді сипатын атап өтіп, онда идеология, мемлекеттік біртұтастық, экономика, әлеуметтік сала, мемлекеттік басқару және сыртқы саясат мәселелері қамтылғанына тоқталды.
– Бүгінгі геосаяси жағдайда Қарулы күштер мемлекеттің тірегі әрі оның қауіпсіздігінің кепілі болып қала береді. Сондықтан біз қабылданатын шешімдерге қандай мән-мағына беріліп жатқанын нақты түсінуіміз қажет, – деп түсіндірді авиация генерал-лейтенанты Д. Қосанов.
Отырыста қорғаныс ведомствосының басшысы әскери қызметшілердің мемлекеттік символдарға құрметпен қарауы, патриоттық тәрбиені дамыту, жеке құрамда антқа адалдық пен елдің қауіпсіздігіне жауапкершілік негізінде тұрақты құндылықтық бағдарлар қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударды.
Отанға адалдық – әскери қызметшінің бойындағы патриотизмнің ең жоғары формаларының бірі. Осы тұрғыда офицерлер мен сержанттар құрамының тәрбиелік жұмысын, командирлердің жеке үлгісін ерекше атап өту қажет, себебі олардың жұмыс нәтижесі әскери тәртіп пен заңдылықтың сақталуына тікелей әсер етеді, – деп атап өтті ол.
Қорғаныс министрі армияның цифрлық трансформациясына қатысты мәселелерге де баса назар аударды. Бұл ретте ол жаңа технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізу міндеті тұрғанын, бірақ бұл процестің басқару жүйесінде тәртіп орнату, функцияларды оңтайландыру және командирлердің ресурстар мен процестерді тиімді басқару жауапкершілігін арттырумен бірге жүруі қажет екенін айтты.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қазақстан гендерлік теңдік жолында: мемлекеттік қызметтегі басшылық лауазымдардың 39%-ын әйелдер атқарады

AdiletTV

2025 жылға жоспарланған ірі жобалар экономикаға тағы да миллиард теңге мәніндегі жаңа инвестициялар мен мыңдаған жұмыс орны тартпақ.

AdiletTV

В Южно-Казахстанском высшем медицинском колледже прошла встреча по проекту «Казахстан без насилия»

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз