adilettv

ТҰРАН ШАҒЫНАУДАНЫНДА 24 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Шымкент қаласында әлеуметтік тұрғыдан осал топтарды қолдауға бағытталған тұрғын үй бағдарламаларын кезең-кезеңімен іске асыру жалғасуда. Тұран шағынауданында баспана кезегінде тұрған 24 отбасыға жалға берілетін пәтерлердің кілті табысталды.
Бұл пәтерлер қаланың коммуналды үй қорынан беріліп отыр. Жаңа қоныстанушылар қатарында көп балалы және толық емес отбасылар, мүгедектігі бар азаматтар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, сондай-ақ, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балалар бар.
Пәтер кілттерін табыстау рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Мегаполис басшысы баспана қорын жаңарту және қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау бағытындағы жүйелі жұмыстың маңыздылығын атап өтті.
Айта кетейік, жалға берілетін үйлерді табыстау бекітілген тізімдер мен белгіленген рәсімдерге сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Осы бағытта жыл басынан бері бөлінген 235 пәтердің 187-сі кезекте тұрған азаматтарға берілді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ АБАТТАНДЫРУ НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

AdiletTV

ШЫМКЕНТ: «БІР АУЫЛ – БІР ӨНІМ» ЖОБАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

AdiletTV

Шымкент: ЕАЭО елдерімен сауда және экспорттық қатынастары

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз