4.3 C
Shymkent
26 января, 2026
adilettv

ЦИФРЛЫҚ ШЫМКЕНТ – ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ПЕН ИННОВАЦИЯҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ҚАЛА

2025 жылы Шымкент қаласының цифрландыру басқармасы қаланы технологиялық тұрғыдан дамыту, мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыру және тұрғындардың өмір сапасын жақсарту бағытында ауқымды әрі нәтижелі жұмыстар атқарды. Жыл қорытындысы бойынша ақпараттық жүйелерді енгізу мен жасанды интеллект технологияларын қолдану жаңа деңгейге көтерілді.
2025 жылы Shymkent IT HUB алаңында 200-ге жуық іс-шара өткізіліп, 5 мыңнан астам келуші қамтылды. Орталықта 260 студент өндірістік және оқу тәжірибесінен өтіп, өңірлік стартап экожүйесін дамытуға серпін берді.
Жастар бастамасын қолдау мақсатында құрылған «Future Makers» стартап қауымдастығы аясында 8 кездесу өткізіліп, 48 қатысушы тартылды. Сонымен қатар, әйелдердің цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Tech Dames» қауымдастығы құрылып, 20 іс-шараға 200-ден астам әйел қатысты.
HUB базасында ашылған «RoboPark.kz» қосымша білім беру орталығында 185 оқушы робототехника және Python негіздерін тегін меңгеруде. Бүгінде технопарк резиденттері қатарында «QazTracker», «Alaqan», «Puls.kz», «Art Code», «Florax» сынды табысты стартаптар бар.
2025 жылы қалада 24 цифрлық жоба іске асырылып, оның 8-і жасанды интеллектке негізделді. Атап айтқанда, білім беру, медицина, көлік, экология және коммуналдық салада инновациялық шешімдер енгізілді.
«Alaqan» биометриялық жүйесі 100 мектепке енгізіліп, 133 375 оқушы тіркелді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫ ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ

AdiletTV

В ШЫМКЕНТЕ ПОЗДРАВИЛИ СПАСАТЕЛЕЙ С ПРОФЕССИОНАЛЬНЫМ ПРАЗДНИКОМ

AdiletTV

В Шымкенте прошла первая глобальная цифровая конференция Центральной Азии — Global Tech Wave Central Asia

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз