adilettv

ӘЛЕУМЕТТІК ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ХАЛЫҚ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН 2025 ЖЫЛҒЫ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР

2025 жылы Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттыру, жұмыспен қамтуды кеңейту және әлеуметтік қолдаудың тиімділігін күшейту бағытында жүйелі әрі нәтижелі жұмыстар атқарды. Атқарылған шаралар әлеуметтік саясаттың нақты нәтижелерге бағытталғанын көрсетті.
2025 жылы жұмыспен қамту шараларына 49 655 адамды тарту жоспарланып, нақты 54 976 адам қамтылды, бұл жоспардың 110,7 пайызға орындалғанын білдіреді. Жұмыспен қамтудың сапалық құрылымы жақсарып, тұрақты жұмыс орындарының үлесі артты. Белсенді шаралар аясында 25 147 адам кәсіпкерлікті қолдау, субсидияланатын және бос жұмыс орындарына, сондай-ақ кәсіптік оқытуға жолданды. Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау бойынша 3 257 адам, ал кәсіптік оқытуға 4 569 адам тартылды.
Қаланың даму жоспарлары, іске асырылып жатқан концепциялар және азаматтардың жеке бастамалары есебінен 21 812 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып, нақты 29 829 адам тұрақты және уақытша жұмыс орындарына орналастырылды. Концепциялар аясында 3 348 жұмыс орны құрылып, жоспар 128,3 пайызға орындалды. Ал жеке бастамалар арқылы ашылған жұмыс орындарына 26 481 адам тартылды.
2025 жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 5 158 отбасыдан 27 238 адамға тағайындалды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда атаулы әлеуметтік көмек алушылар санының 41,5 пайызға азайғанын көрсетеді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Металлургиядағы жаңа серпін: Шымкенттегі 18 млрд теңгелік инвестициялық жоба

AdiletTV

ИНДУСТРИАЛЬНЫЕ ЗОНЫ ШЫМКЕНТА: КОЛИЧЕСТВО ПРОЕКТОВ

AdiletTV

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз