adilettv

ШЫМКЕНТ – ТУРИЗМІ ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫҒАН ЗАМАНАУИ ҚАЛА

2025 жылы Шымкент қаласы туризм саласында тұрақты өсім мен сапалы өзгерістер кезеңін бастан өткерді. Қалаға келушілер санының артуы, туристік инфрақұрылымның кеңеюі және сервистік қызметтердің жаңғыруы Шымкенттің өңірлік қана емес, халықаралық туристік орталық ретінде қалыптасып келе жатқанын айқын көрсетті.
2025 жылғы көрсеткіш бойынша Шымкент қаласына келген туристер саны 406 386 адамды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,8 пайызға артты. Қаладағы орналастыру орындарының саны 159-ға жетіп, бұл көрсеткіш бір жылда 8,2 пайызға өсті.
Қонақ үйлердегі бөлмелер саны 4 132 бірлікті құрап, 12,4 пайыздық өсім байқалды. Орналастыру орындарымен көрсетілген қызмет көлемі де 24,5 пайызға артты, бұл туристік сұраныстың тұрақты екенін көрсетеді.
2025–2026 жылдар аралығында қалада 11 жаңа қонақ үйдің ашылуы жоспарланған. 2025 жылы Mardan және Green Park қонақ үйлері пайдалануға беріліп, 2026 жылдың соңына дейін халықаралық және отандық брендтерді қамтитын тағы 9 қонақ үй ашу көзделген.
Сонымен қатар, Бадам су қоймасы аумағында «Omir Shymkent» глэмпинг жобасы іске асырылуда. Жоба аясында глэмпинг үйлер, капсулалық үйлер, мейрамхана, SPA-бассейн, спорт және мәдени демалыс нысандары қарастырылған. Бұл жоба экологиялық және отбасылық туризмді дамытуға серпін бермек.
Республикалық маңызға ие Ибрагим ата және Қарашаш ана кесенелерінің аумақтары абаттандырылып, жол, санитариялық тораптар мен ақпараттық стендтер орнатылды. Сонымен қатар, Shymqala цитаделі мен Хызыр мұнарасы аумағында реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде.
2026 жылы Сайрам аумағындағы 6 сакралды нысанды жаңғырту жоспарланып отыр. Қазіргі таңда 3 нысанға турникет, ал 7 туристік объектіге төлқұжат орнатылды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ: СПОРТТЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМҒА ҚОЛЖЕТІМДІЛІКТІ АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА

AdiletTV

ШЫМКЕНТ: АКЦИЯ «TAZA ALEM» ПРОДОЛЖАЕТСЯ

AdiletTV

Дочь акима носит сумку за 21 миллион тенге….

Пікір қалдырыңыз