4.3 C
Shymkent
26 января, 2026
adilettv

ШЫМКЕНТТЕ ПОЛИЦИЯ 25 МЛН ТЕҢГЕНІҢ МАЛ ҰРЛЫҒЫН ӘШКЕРЕЛЕДІ

Шымкенте полиция 25 млн теңгенің мал ұрлығын әшкереледі, — деп хабарлайды Polisia.kz. Жедел іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері ұрланған ірі және ұсақ қара малды анықтап, заңды иесіне қайтарды. Қылмысқа шаруашылықтың екі жұмысшысы қатысы бар екені белгілі болды. Полицияға жергілікті тұрғын шаруашылық нысанынан малдың жоғалғаны жөнінде арызбен жүгінген. Келтірілген материалдық шығын көлемі 25 миллион теңгені құрады. Тергеу барысында күдіктілердің малды кедергісіз тасымалдау үшін бірнеше рет электр қуатын және бейнебақылау камераларын әдейі өшіріп отырғаны анықталды. Аталған дерек бойынша қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

В Шымкенте в жилом массиве «Текесу» запустили систему водоснабжения

AdiletTV

20 ТОННА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ

ШЫМКЕНТ: СИСТЕМНЫЙ ФИНАНСОВЫЙ КОНТРОЛЬ ОБЕСПЕЧИВАЕТ ЭФФЕКТИВНОСТЬ БЮДЖЕТНЫХ РАСХОДОВ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз