4.3 C
Shymkent
26 января, 2026
adilettv

ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРЛЕРІНДЕГІ ӨТКЕН АПТАДА ТІРКЕЛГЕН РЕСМИ ТЕРІСКЕ ШЫҒАРУЛАРҒА ШОЛУ

➡️ Жалған ақпарат: Алматы, Шымкент және Көкшетау қалаларындағы мектептерге шабуылдар дайындалып жатыр.
Алматы қаласы полиция департаментінің теріске шығаруы:
Таратылып жатқан ақпарат шындыққа сәйкес келмейді және жалған болып табылады. Қаладағы білім беру ұйымдарындағы ахуал бақылауда, оқушылар мен педагогтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция мен жедел қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Жалған ақпаратты таратқан тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Шымкент қаласы полиция департаментінің теріске шығаруы:
Таратылған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Полиция тексеру жүргізуде, білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді, жағдай толық бақылауда.
Көкшетау қаласының полиция департаментінің теріске шығаруы:
Таратылған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді және жалған болып табылады. Тексеру нәтижесінде полиция мектептерге шабуыл жасау туралы хабарламалардың расталмағанын анықтады. Білім беру ұйымдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылданды. Жалған хабарламалардың авторларын анықтау бойынша тиісті іс-шаралар жүргізілуде.
➡️ Жалған ақпарат: Атырау қаласындағы №30 мектеп-гимназиясының ескі ғимараты жер телімін жеке меншікке беру мақсатында бұзылады.
Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратовтың мәлімдемесі:
Аталған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Қолданыстағы мектеп ғимараты техникалық жарамсыздығына байланысты бұзылады, ал жер телімі өзге мақсаттарға пайдаланылмайды. Ескі мектептің орнына 1500 орынға жаңа мемлекеттік білім беру ұйымы салынады. №30 мектеп-гимназиясы мемлекеттік мекеме мәртебесін сақтайды, құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін педагогтер мен оқушылар жаңа ғимаратқа қайта оралады.
➡️ Жалған ақпарат: магнитудасы 4,1 болатын жер сілкінісі тіркелді.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) теріске шығаруы:
Аталған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Қонаев қаласы маңында жер асты дүмпулері ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Ұлттық ғылыми сейсмологиялық зерттеулер орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен тіркелмеген. Қирандылар, зардап шеккендер немесе тұрғындардан түскен өтініштер туралы ақпарат жоқ.
➡️ Жалған ақпарат: TikTok әлеуметтік желісінде Жаңаөзен қаласында краннан денсаулыққа қауіпті су беріліп жатыр деген мазмұндағы бейнероликтер таралуда.
«Өзенинвест» МКК-нің теріске шығаруы:
Аталған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бейнематериал авторларының су сапасына қатысты қандай да бір сертификаттары немесе зертханалық зерттеу қорытындылары жоқ. Бұл бейнероликтер су тазарту жүйелерін жарнамалау мақсатында коммерциялық негізде жасалған.
Коммуналдық кәсіпорынның мәліметінше, Жаңаөзен қаласына берілетін ауыз су күн сайын өндірістік бақылаудан өтеді және белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға толық сәйкес келеді. Қазіргі уақытта жалған ақпарат таратқан тұлғаларға қатысты сотқа жүгіну мәселесі қарастырылуда.
➡️ Жалған ақпарат:
Атырау және Маңғыстау облыстарында халық пен өнеркәсіп кәсіпорындарын электр энергиясымен қамтамасыз етуге шектеулер енгізілді деген ақпарат таралуда.
«KEGOC» АҚ-ның теріске шығаруы:
Аталған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Жүйелік оператордың ресми деректеріне сәйкес, 2026 жылғы 23–24 қаңтар күндері көрсетілген өңірлерде халық пен өнеркәсіптік тұтынушылар үшін электрмен жабдықтауға ешқандай шектеу енгізілген жоқ. Электр энергиясы штаттық режимде, үзіліссіз, ажыратусыз және жеткізу көлемі төмендетілмей берілді.
Аталған кезеңде уақытша, нүктелік шектеулер тек Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында цифрлық майнинг саласында қызмет көрсететін жекелеген компанияларға қатысты қолданылды. Бұл шаралар қолданыстағы нормативтік талаптарға сәйкес жүзеге асырылып, Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

МАС КҮЙІНДЕ КӨЛІК ЖҮРГІЗГЕН СУДЬЯ ӘСЕЛ ДОСАЕВА ЖҰМЫСТАН ШЫҒАРЫЛДЫ

AdiletTV

Шымкенттің қазіргі негізгі инвестициялық жобалары: 2025 жылғы жаңа белестер

AdiletTV

ПРЕЗИДЕНТ ҚҰТҚАРУШЫЛАРДЫ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз