adilettv

МАҢҒЫСТАУДА 13 ЖАСТАҒЫ ҚЫЗДЫ ЗОРЛАДЫ ДЕП АЙЫПТАЛҒАН ЕР АДАМ ӨЗІНЕ ҚОЛ САЛДЫ

Маңғыстау облысында 13 жастағы қызды зорлады деп айыпталған ер адамға қатысты іс қаралып жатыр. Күдіктінің өз-өзіне оқ атып көз жұмғаны белгілі болды.
Lada.kz басылымының хабарлауынша, қайтыс болған өгей әкесінің жанынан қару табылған.
Тексеру барысында алдын ала мәліметтерге сәйкес, қылмысты өгей әкесі жасаған болуы мүмкін екені анықталды. 24 қаңтарда полицияға 13 жастағы қызды зорлады деген айып бойынша арыз түсті. Алайда одан төрт күн бұрын, 20 қаңтарда күдікті ер адам өлі күйінде табылған. Тергеу мәліметінше, ол өз-өзіне қол жұмсаған. Mарқұм сол кезде еш жерде жұмыс істемеген.
Күдіктінің қаза болуына қарамастан, іс ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігі «кәмелетке толмағанды зорлау» қылмысы бойынша тіркелді.
«Бұл адам 2026 жылдың 20 қаңтарында өз өмірін қиды. Осы факті бойынша полиция Қылмыстық Кодекстің 120-бабының 4-бөлігі бойынша «Кәмелетке толмағанға қатысты зорлау» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Оның мақсаты – болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтау. Кәмелетке толмағанның құқықтары мен заңды мүдделері қорғалған», – деп хабарлады Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.Полиция басқармасы істі жан-жақты әрі әділ қарау үшін тергеуді соңына дейін жеткізбек

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«Бәрі тапсырыспен жасалған»: Мұхамедиұлының ұлы оған қарсы іс ойдан шығарылғанын айтты

Құрметті Байдеуова Алия Рысбаевна!

AdiletTV

Владимир Ли Қазақстанның даму банкі басқарма төрағасының орынбасары болды

Пікір қалдырыңыз