5.3 C
Shymkent
27 января, 2026
adilettv

ШЫМКЕНТТЕГІ ӨЛІММЕН АЯҚТАЛҒАН ЖАППАЙ ТӨБЕЛЕС: АМАН ҚАЛҒАН АЗАМАТТЫҢ ЖАҒДАЙЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Шымкентте өліммен аяқталған жаппай төбелестен кейін ауыр жарақат алған азамат жансақтау бөлімінен хирургия бөліміне ауыстырылды.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 36 жастағы науқастың жағдайы тұрақты, орташа ауыр деңгейде. Өмірлік маңызды көрсеткіштері қалыпты, оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Қанды оқиға 20 қаңтар күні жол-көлік оқиғасынан кейін болған. Алдын ала деректерге сәйкес, апат қылмыстық жанжалға «жамылғы» болуы мүмкін. Төбелес салдарынан 40 жастағы Василий Колесников қаза тапты. Ол күштеп әкетіліп, кейін Түркістан облысының аумағынан өлі күйінде табылған. Екінші зардап шеккен азамат ауыр пышақ жарақаттарымен ауруханаға жеткізіліп, оған шұғыл ота жасалған.
Аталған факті бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалды. Полиция оқиғаға қатысы бар жеті күдіктіні ұстағанын хабарлады. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ӨЗБЕКСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ШАВКАТ МИРЗИЁЕВПЕН КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗДІ

AdiletTV

ҚАЛАЛЫҚ КӨЛІК ПЕН ЛОГИСТИКАНЫ ЖАҢҒЫРТУ: ТҰРАҚТЫ ДАМУ ЖОЛЫНДАҒЫ НАҚТЫ ҚАДАМДАР

AdiletTV

ҚАЙРАТ ҚАЛИБЕКОВ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз