5.3 C
Shymkent
27 января, 2026
adilettv

ҮНДІСТАНДЫҚ INDIGO ӘУЕ КОМПАНИЯСЫ АЛМАТЫҒА РЕЙСТЕРІН ТОҚТАТТЫ: БІР ТОП ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МУМБАЙ ӘУЕЖАЙЫНДА ҚАЛЫП ҚОЙҒАН

Жолаушыларға Алматыға ұшатын рейстер Иран үстіндегі әуе кеңістігінің жабылуына байланысты тоқтатылғаны хабарланған.
Шектеулерге байланысты қазақстандық туристер тобы Мумбай әуежайында қиын жағдайға тап болды. Олар әуежайдың транзиттік аймағында қалып қойған. Туристер IndiGO әуе компаниясының Пхукет – Мумбай – Алматы бағыты бойынша ұшқан. Алайда Мумбайға қонғаннан кейін әуе компаниясының келесі рейстері тоқтатылғаны белгілі болған.
Жолаушыларға қонақ үй ұсынылмаған. Берілген тамақ тым ащы, балаларға беруге жарамсыз болған, ал дәмдеуішсіз тағам беру туралы өтініштер ескерусіз қалған көрінеді.
Қазір жолаушыларға өз қаражатына басқа рейстерге билет сатып алу ұсынылуда. Алайда билеттердің бағасы көптеген отбасылар үшін қолжетімсіз дейді жолаушылар.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ЖОЛ-КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ МЕН КӨЛІК ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ: 2024–2025 ЖЫЛДАРДАҒЫ АНАЛИТИКАЛЫҚ ШОЛУ

AdiletTV

АКАДЕМИК Ә.ҚУАТБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ӘЗ-НАУРЫЗ ТОЙЛАНДЫ

AdiletTV

Шымкент қаласы: Абай АПБ ЖПҚ №5 тірек пунктінде «Қарасора» іс-шарасы бойынша есірткі қымысына қарсы бірқатар заңсыздықтар анықтаған.

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз