2.3 C
Shymkent
27 января, 2026
adilettv

АЛМАТЫДА ЖОЛДА КЕЛЕ ЖАТҚАН АВТОБУС ЖҮРГІЗУШІСІ КЕНЕТТЕН КӨЗ ЖҰМДЫ

Оқиға Абай даңғылы мен Саин көшесінің қиылысында, автобус бағдаршамның қызыл шамына тоқтап тұрған кезде болған.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ер адамда жедел миокард инфаркті болған. Жолаушылардың бірі жүргізушінің жағдайы күрт нашарлағанын байқап, жедел түрде кабинаға кіріп, тежегішті басып үлгерген. Жолаушылар дереу жедел жәрдем шақырғанымен, оқиға орнына келген медицина қызметкерлері 53 жастағы жүргізушінің қайтыс болғанын ғана тіркеді.

“Алматыэлектротранс” компаниясының мәліметінше, бұл жүргізушінің 2/2 кестесі бойынша демалыстан кейінгі алғашқы жұмыс күні болған. Таңертең ол міндетті рейс алдындағы медициналық тексеруден өткен, автобус та техникалық тексерістен өткізілген. Жүргізуші компанияда 2023 жылдың тамыз айынан бері жұмыс істеген және диспансерлік есепте тұрмаған.
Абырой болғанда, жолаушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Sin Yuan Steel: динамичный проект в сфере обрабатывающей промышленности

AdiletTV

МЕДБИКЕЛЕР МЕРЕЙЛІ МАМАНДЫҚ ИЕЛЕРІ

AdiletTV

LRT бағанына соғылған көлік жүргізушісі мерт болды

Пікір қалдырыңыз