adilettv

ПРЕЗИДЕНТТІҢ ТАПСЫРМАСЫ БОЙЫНША ҮКІМЕТ «ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАРЫ» БІРЫҢҒАЙ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгінде елімізде шамамен 7 млн бала өсіп келеді. Яғни, халықтың үштен бір бөлігінен астамын балалар құрап отыр, нақты айтсақ – 34%. Еліміздің болашағы отаншыл, жасампаз ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты.
Сондықтан да Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда “Қазақстан балалары” бірыңғай тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды, — деп атап өтті Олжас Бектенов Үкімет отырысында.
Үкімет отырысында жауапты министрлер бірыңғай Тұжырымдама жобасының негізгі тәсілдері туралы баяндады.
«Қазақстан балалары» тұжырымдамасында білім беру, денсаулық сақтау, қауіпсіздік, әлеуметтік қамсыздандыру және отбасының әл-ауқаты саласында балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі нақты іс-шаралар жоспары қамтылған.
Премьер-министр соңғы жылдары балалардың құқықтарын қорғау бойынша бірқатар шара қабылданғанын атап өтті.
ҚАЗІРДІҢ ӨЗІНДЕ НЕ ІСТЕЛДІ:
«Заңнамалық база айтарлықтай кеңейтілді. Әсіресе, балаларға қатысты қылмыстық әрекеттер үшін жазаның бұлтартпас қағидаты қатаң сақталады.
Отбасы мәселелері, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау бойынша 111 бірыңғай байланыс орталығы іске қосылды. Оған жүгінген жағдайда міндетті түрде көмек көрсетіліп, тексеру шаралары жүргізіледі.
Барлық өңірде бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдер жұмыс істейді, олар бала құқықтарының сақталуын бақылайды әрі балалар мен отбасыларға көмек көрсетеді.
1 ақпаннан бастап барлық білім беру ұйымына «тосыннан тексеру» қағидаты бойынша ерекше бақылау мен қадағалау жүйесі енгізіледі. Бұл балаларды сауықтыру, олардың қауіпсіздігі мен тамақтану мәселелеріне қатысты». Олжас Бектенов Денсаулық сақтау, Оқу-ағарту, Мәдениет, Еңбек және әлеуметтік қорғау, Туризм және Ішкі істер министрліктеріне әкімдіктермен бірлесіп, осы жылдың 30 қаңтарына дейін ерекше бақылау мен қадағалауға жататын нысандар тізілімін дайындауды тапсырды.
Балалардың құқықтарын қорғау деңгейін арттыру мақсатында қамқоршылық органдары мамандарының жаңа штаттық нормативі енгізілді. Ол 1 жыл ішінде мамандар санын 3 еседен астам арттыруға мүмкіндік берді.
Осы мамандар қатарынан әр өңірде бала құқықтарын қорғау басқармалары құрылуда.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкент қаласының сыртқы байланыстарының дамуы

AdiletTV

ШЫМКЕНТТЕГІ КӘРІСТЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНА 35 ЖЫЛ!

AdiletTV

Шымкент қаласының су қорғау және санитарлық аймақтарының шекаралары мемлекеттік кадастр жүйесінде белгіленбеген

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз