adilettv

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТ ТӨРАҒАСЫ АСЛАМБЕК МЕРҒАЛИЕВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

Президентке сот төрелігін іске асырудың былтырғы қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған жоспары баяндалды.
Асламбек Мерғалиев:
➤ сот төрелігінің сапасы тұрақты түрде сақталғанын айтты.
▪️Жоғары тұрған сот сатылары сот актілерінің 98,8 пайызын түзетпеген.
▪️Әкімшілік әділет аясындағы жүйелі шаралардың нәтижесінде мемлекеттік органдармен арадағы даулар кезінде азаматтардың құқығын қорғау көрсеткіштері жақсарды: әкімшілік органдар мен лауазымды тұлғалардың 4,5 мың актісі заңсыз деп танылды.
▪️Татуластыру рәсімдерін қолдану үлесі азаматтық істерде – 45,9 пайызды, әкімшілік істерде 11,8 пайызды құрады. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс саны 11,8 пайызға азайды (500 мыңнан 441 мыңға дейін төмендеді).
▪️Рақымшылық актісін жариялау арқылы 583 адам жазадан, 5 мыңнан аса сотталушы жазасын одан әрі өтеуден босатылды, 9,2 мың адамның жаза мерзімі қысқартылды.
▪️Қамауда ұстауға рұқсат беруден бас тарту үлесі 25,7 пайыздан 37,5 пайызға дейін артты.
▪️Оның орнына үй қамағына алу екі есе жиі тағайындалды (2786-дан 5019-ға дейін ұлғайды). Бұған электронды браслетті кеңінен қолдану ықпал етті (954 адамнан 2283 адамға дейін). Бұл бюджет шығындарын оңтайландыруға және тергеудегі азаматтардың қоғаммен қарым-қатынасын сақтауға мүмкіндік береді.
▪️Кассациялық сотқа сұраныстың жоғары екені байқалды. Жарты жыл ішінде Кассациялық сотқа 16,2 мыңнан аса арыз-шағым мен наразылық түскен. Былтырғы осы кезеңде Жоғарғы сотқа 9,8 мың арыз-шағым жасалған болатын.
▪️Кассация арқылы түзетілген сот актілерінің үлесі азаматтық істерде – 3 пайыздан 18 пайызға, қылмыстық істерде 8 пайыздан 28 пайызға дейін ұлғайды.
➤ Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, сот жүйесіне абсолютті сенім деңгейі 3 жылда, яғни 2023 жылдан бері 55,2 пайыздан 63,2 пайызға дейін өскені жөнінде ақпарат берді.
❗️Президент «Заң және тәртіп» қағидатын жүзеге асырудың, азаматтарға әділ сот төрелігін қамтамасыз етудің, сондай-ақ заң үстемдігіне басымдық беріп, қоғамның сот жүйесіне сенімін арттырудың маңызын атап өтті.
*****

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Туризм және креативті индустрия кеңесінің отырысы өтті

AdiletTV

МАЛЫЕ ПРОМЫШЛЕННЫЕ ЗОНЫ: ПОДДЕРЖКА ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСТВА И НОВЫЕ РАБОЧИЕ МЕСТА

AdiletTV

Шымкентте сауда және өнеркәсіптік инфрақұрылым дамуда: базарлар мен шағын өнеркәсіптік аймақтар жаңғыртылып жатыр

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз