adilettv

САЙРАМ ТҰРҒЫН АЛАБЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАҒА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкент қаласы Сайрам тұрғын алабында орналасқан қалалық №3 аурухананың бас ғимараты күрделі жөндеуден өтуде. Құрылыс жұмыстары медициналық мекеме басшылығы мен мердігер ұйым бекіткен жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр.
Күрделі жөндеуге арналған жобалық-сметалық құжаттаманы «Строй-проект-инвентаризация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алған. Ал құрылыс-монтаж жұмыстары 2025 жылдың қазан айында «НКО» ЖШС тарапынан басталды.
Аурухананың іргетасы 1986 жылы қаланған. Бұрын Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық ауруханасы ретінде қызмет атқарған медициналық мекеме 2018 жылы Сайрам тұрғын алабының Шымкент қаласының құрамына енуіне байланысты қайта құрылып, қалалық №3 аурухана мәртебесіне ие болды.
Қазіргі таңда аурухана 263 төсек-орынға есептелген көпсалалы медициналық мекеме ретінде тұрғындарға қызмет көрсетіп келеді. Мұнда инсульт орталығы, перзентхана, балалар бөлімі, хирургия, гинекология, патология, терапия, жүйке аурулары, жұқпалы аурулар және жансақтау бөлімшелері жұмыс істейді. Өткен жылы аталған медициналық мекемеде 2 683 нәресте дүниеге келген.
Жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары аурухананың материалдық-техникалық базасын жаңартып, көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкент қаласы ішкі мемлекеттік аудит департаменті бірінші жартыжылдықты қорытындылады

AdiletTV

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

AdiletTV

Индустриалдық аймақтардағы жобалар саны — Шымкент қаласының көрсеткіштері

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз