adilettv

ТҰРҒЫН ҮЙ КЕЗЕГІНДЕ ТҰРҒАН 214 АЗАМАТҚА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

Бүгінгі таңда «Отбасы банк» АҚ мәліметіне сәйкес Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй алуға кезекте 91 699 азамат тіркелген. Олардың қатарында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көпбалалы және толық емес отбасылар, 1–2 топтағы мүгедектігі бар азаматтар, мүгедектігі бар балалары бар отбасылар, зейнеткерлер, мемлекеттік және бюджеттік ұйым қызметкерлері, сондай-ақ өзге де әлеуметтік осал санаттағы тұрғындар бар.
Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды жалдамалы пәтермен қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Жоспарға сәйкес, 2026 жылдың соңына дейін кезекте тұрған 1 529 азаматты жалдамалы тұрғын үймен қамту көзделген. Қазіргі таңда тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары аясында «Отбасы банк» АҚ тарапынан 235 азаматқа пәтер бөлініп, оның 214-і нақты пәтермен қамтылды.
Аталған азаматтар тұрғын үйге мұқтаждар тізімінде тіркелген әлеуметтік осал санаттарға жатады. Олардың ішінде 1–2 топтағы мүгедектігі бар адамдар, толық емес отбасылар, мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, Ұлы Отан соғысына теңестірілгендер, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ көпбалалы отбасылар бар.
Сонымен қатар, Банк тарапынан 309 пәтерге түгендеу жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек, ағымдағы жылдың наурыз айына дейін қосымша 350 азаматты тұрғын үймен қамту жоспарланып отыр. Бұл шаралар тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫ АРТҚАН

AdiletTV

ӘЛЕУМЕТТІК САЛАДАҒЫ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР: 2025 ЖЫЛ ШЫМКЕНТ ҮШІН ТҰРАҚТЫ ӨСІМ ЖЫЛЫ БОЛДЫ

AdiletTV

ЖЕЛІДЕ ШЫМКЕНТТЕГІ МЕКТЕПТЕРГЕ ШАБУЫЛ ЖАСАЛАТЫНЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ ТАРАДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз